Ақмола облысында Үздік мектеп педагогы анықталды

2021 жылғы 17-19 мамыр аралығында Ақмола облысының білім басқармасы басшысының бұйрығы негізінде, педагог кәсібінің мәртебесін арттыру және кәсіби қызметте жоғары жетістіктері бар шығармашыл педагогтерге сыйақы беру мақсатында Ақмола облысының бастауыш, негізгі және жалпы орта білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері арасында «Үздік педагог» сырттай конкурсының облыстық кезеңі өткізілді.

Шығармашылық сайысқа бастауыш, негізгі және жалпы орта білім беру ұйымдарының 21 педагогы қатысты.
Конкурсқа қатысу үшін педагогтер келесі конкурстық материалдарды ұсынды:
– «Менің жүрегімдегі мектеп» бейнеролик
– Бейнесабақ
– Эссе
– Портфолио.

Конкурс қорытындысы бойынша бастауыш, негізгі және жалпы орта білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері арасында «Үздік педагог» атағы және 875 100 теңге ақшалай сыйақы «Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Жақсы ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ләззат Байсеркеқызы Қасқаеваға берілді.

20 қатысушы Ақмола облысы білім басқармасы басшысының грамоталарымен марапатталды.
5 конкурсқа қатысушыларға номинациялар бойынша грамоталар және «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Нұр-Сұлтан қаласы мен Ақмола облыстық ұйымы» ҚБ ақшалай сыйақылар берілді:

– «Зерттеуші педагог» номинациясы бойынша және 50 мың теңге ақшалай сыйақы «Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Щучинск қаласының ІТ мектеп-лицейі» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Айман Жүгерқызы Әбдрахмановаға;

– «Шығармашыл педагог» номинациясы бойынша және 50 мың теңге ақшалай сыйақы «Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімі Вознесенка ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ бастауыш сынып мұғалімі Стихиляс Татьяна Владимировнаға;

– «Жаңашыл педагог» номинациясы бойынша және 50 мың теңге ақшалай сыйақы «Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының әл-Фараби атындағы ІТ лицейі» КММ информатика пәнінің мұғалімі Марат Жүсіпұлы Күлбаевқа;

– «Көшбасшы педагог» номинациясы бойынша және 50 мың теңге ақшалай сыйақы Ақмола облысы білім басқармасының «Білім-инновация» лицей-интернаты» КММ география пәнінің мұғалімі Дәулет Советұлы Есмағамбетовке;

– «Эрудит педагог» номинациясы бойынша және 50 мың теңге ақшалай сыйақы «Ақмола облысы білім басқармасы Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі Новорыбинка ауылының мектеп-балабақшасы» КММ математика және физика пәнінің мұғалімі Бичун Максиму Николаевичке.

Барлық қатысушыларға «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Нұр-Сұлтан қаласы мен Ақмола облыстық ұйымы» ҚБ грамоталары мен бағалы сыйлықтары табыс етілді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар