Бағдар
Бүгінгі таңда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ғылыми инфрақұрылымы 8 ғылыми-зерттеу институты, 39 ғылыми орталық және 140-тан астам зертхананы біріктіреді. Оқу орнында 400-ге жуық ғылыми әзірлеме жүзеге асырылуда.
Ал, 2025- 2026 жылдары тартылған инвестиция көлемі 110 миллион АҚШ долларын құрайды. 50-ден астам жаңа заманауи зертхана іске қосылды. Университет QS World University Rankings халықаралық рейтингінде 177-орынға, QS Asia University Rankings 2026 беделді халықаралық рейтингінде 38-орынға ие болып, Орталық Азиядағы жетекші университет мәртебесін иеленді.
Барлық мамандық маңызды. Мамандықты дұрыс таңдау – бұл кәсіби өмірдегі сенімділік, біліктілік және материалдық әл-ауқат. Болашақ – бәсекеге қабілетті білімде. Толық цифрландыру, жасанды интеллект және басқа да жаһандық процестер еңбек нарығына өзіндік түзетулер енгізуде. Мамандығыңыз сүйікті ісіңізге айналуы қажет. Мұндайда адам жұмысқа ерекше құлшыныспен кірісіп, одан өзіне күш-жігер алуы тиіс. Сондықтан, мамандық таңдауда қателеспей, өз өміріңіздің бір кірпішін дұрыс қалауға құлшыныңыз.
Университеттегі экономика және бизнес жоғары мектебі мемлекеттік органдар үшін 3 деңгейлі 6В04101, 7М04104, 8D04103 – мемлекеттік және жергілікті басқару мамандықтары бойынша кәсіби басқарушы кадрларды даярлауда көшбасшы болып табылады. Факультет мемлекеттік қызмет үшін кадрлар даярлаудың әлемдік жетекшіорталықтарының стандарттарына сәйкес келетін студенттердің құзыреттіліктерін қалыптастырып отыр. Бакалавриат бағдарламалары шеңберінде кәсіптік оқыту студенттерге отандық және шетелдік мемлекеттік басқару және басқару тәжірибесі саласында арнайы білім беруді қамтиды. Іргелі ғылыми пәндерді терең меңгеруге ғана емес, сонымен бірге, топта жұмыс істеу дағдыларын, оның ішінде көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыруға, мақсат қою және оған жетудің әдістері мен тәсілдері арқылы заманауи тиімді құралдарын табу қабілетін дамытуға бағытталған.
Кафедраның білім беру бағдарламаларының ерекшелігі сол, бірқатар оқу пәндері ағылшын тілінде оқытылады. Бакалавр, магистранттар, докторанттардың білім беру бағдармалары мемлекеттік басқару тәжірибесінің қажеттіліктеріне және жұмыс берушілердің талабы, сұранысы, мақсаттарына сәйкес үнемі жаңартылып, жетілдіріліп отырады. «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша алған білімі нарық бәсекелестігіндегі инновациялық әдістер мен цифрландырудың белсенді қолданылуына мүкіндік береді. Бұл мамандық негізінде тек басқару жағын ғана үйретіп қоймай, адаммен қарым-қатынасты, тұлғаны сыйлауды, жан-жақты ойлауды, ұлттық мүдделер мен құндылықтарға адал болуды үйретеді.
Университет ұлттық дәстүрді ғылыми-зерттеулермен және инновациялық технологиялармен ұштастыратын негізгі орталық. Себебі, еліміздің мемлекеттік және жергілікті басқарудың тиімділігін арттыру, осы мамандық иелерінің жұмысы. Жас мамандарды жергілікті басқару органдарында өз мамандығымен жұмыспен қамту өңірлердің әлеуметтік-экономикалық деңгейін арттырады. Мемлекетіміз «Менеджмент» кафедрасында үш деңгейдегі даярланып жатқан «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандықтарын бітіруші түлектерімізге өте кең мүмкіндіктер беріп отыр. Оқу орнын бітіруші түлектеріміз еліміздің 17 облысының 176 ауданындағы 6060 ауылдық округтерге оралып, өңірлерде кадр тапшылығын азайтуға тікелей атсалысуда. Биыл 2026 жылы «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығын үздік бітірген түлектеріміз осы жеңілдіктер негізінде конкурссыз жұмысқа орналасу мүмкіндігіне ие болды.
Оңалбек АБРАЛИЕВ,
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры,
экономика ғылымдарының докторы.
Дәрия АҚЫЛБЕКОВА,
білім алушы.
![]()

