Мемлекеттік тілдің мерейін асыра түсу мақсатында мемлекеттік деңгейде қажырлы жұмыстара тқарылуда. Бүгінде барлық шығыс құжаттары мен мемлекеттік мекемелермен хат алмасу мемлекеттік тілде жүзеге асырылады.
Соңғы кезде сот жүйесінде мемлекеттік тілдің өрісін кеңейтуге жете көңіл бөлініп, оның баптарының жүзеге асырылуы қадағаланып, мемлекет тарапынан тіл саясаты дұрыс жүзеге асып отырғаны көпке мәлім.
Аталған әрекеттердің бастауы, мемлекеттік мекемелерде қазақ тілін оқып үйретуді дұрыс жолға қою болып табылады. Республикамызда мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту – бүгінгі таңдағы өзекті мәселе.
Сондықтан мемлекеттік тілді үйретуге арналған арнайы тегін курстар мен тіл үйрету орталықтары жұмыс істеуде. Қазақ тілін дамыту еліміздің стратегиялық бағыты. Қазақстан Республикасының тіл туралы саясатын жүзеге асыру мақсатында көптеген ауқымды жұмыстар атқарылуда. Яғни, елімізде тіл мәселесіне айтарлықтай көңіл бөлініп келеді.
Мемлекеттік тіл – тәуелсіз елдің негізгі рәміздерінің бірі. Кез-келген өркениетті елдің өзінің Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, шекарасы болатыны секілді, мемлекеттік тілі де болады. Демек, мемлекеттіктіл де – мемлекеттің негізгі атрибуттарының бірі.
Біздің еліміздің мемлекеттік тілі, анна тіліміз қазақ тілі. Ол — әлемдегі алты мыңға жуық тілдердің ішіндегі қолдану өрісі жағынан жетпісінші, ал тіл байлығы мен көркемдігі, оралымдығы жағынан алғашқы ондықтың қатарындағы тіл саналады. Демек, тіліміздің қоғамнан ойып тұрып өз орнын алуы, өзімізге байланысты.
Сондай-ақ, ол дүние жүзіндегі ауызша және жазбаша тіл мәдениеті қалыптасқан алты жүз тілдің және мемлекеттік мәртебеге ие екі жүз тілдің қатарында тұр.
Мемлекеттік тіл болып табылатын қазақ тілі – мемлекеттің барлық аумағында қоғамдық қатынастардың барлық салаларында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс жүргізу тілі. Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілд імеңгеру – Қазақстан Республикасының әр азаматының парызы.
Әсем Исақова,
Ақмола облысынының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының бас маман – сот отырысының хатшысы.