Ерейментау ауданында «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында екі жоба жүзеге асырылуда

«Ерейментау қаласында 45 пәтерлі жалға берілетін және 45 пәтерлі кредиттік тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде.

Бұл тұрғын үйлердің құрылысы 2020 жылдың 11 мамырында басталған болатын. Бүгінгі күні ғимараттың 5-ші қабатының қабырғаларын қалау аяқталып, пайдалануға беру мерзімі 2021 жылдың шілде айына жоспарланып отыр», – деді аудан әкімі Абай Әлжанов өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Сонымен бірге, 2020 жылы Ерейментау қаласында құны 614 миллион теңгеге 60 пәтерлі (жалға берілетін) коммуналдық тұрғын үйдің құрылысы басталды. Қазіргі кезде жобаны аняқтау үшін 522,2 миллион теңге қаржы қажет.

By admin

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Өзге де жаңалықтар