Балалардың ойын алаңдары. Олар да көптеп керек!..

Игі бір іс

Ерейментау қаласында Бөгембай батыр көшесін абаттандыру жұмыстары аясында жаңа демалыс аймағы мен балалар ойын алаңы ашылды.

Бұл жоба аудан әкімдігінің және «QazNamys» ЖШС-нің қолдауымен екі жылдық жоспар аясында жүзеге асырылды. Жобаны іске асыруға аудандық бюджеттен 47 миллион теңгеден астам қаражат бөлінді.

Жұмыстар барысында асфальт төселіп, жиектастар мен бордюрлер орнатылды, резеңке жамылғысы бар балалар және спорт алаңдары салынды. Сондай-ақзаманауи ойын және спорт элементтері, орындықтар, қоқыс жәшіктері мен жарықтандыру жүйесі орнатылып, тұрғындардың жайлы әрі қауіпсіз демалысына жағдай жасалды.

– Бұл қаламызда абаттандырылған бір ғана аула емес. Өткен жылы екі көпқабатты үйдің аулаларында да осындай жұмыстар жүргізілген болатын. Биыл №97 үйдің ауласынан бөлек тағы 5 ауланы кешенді жаңарту жұмыстары жүріп жатыр. Көптеген аулалар 50–60 жылдан бері жөндеу көрмеген. Мұндай қалалық инфрақұрылымды жақсарту жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын табады, – деді аудан әкімі Нұрлан Мұқатов.

Алаңдардың ашылу салтанатына жиналған тұрғындар бұл жаңалықты қуанышпен қарсы алды. Балалар жаңа әткеншектер мен сырғанақтарды бірден ойын барысында байқап көрсе, егде жастағы тұрғындар өздерінің жағдайына көңіл бөлінгендері үшін аудан, қала басшылығына ризашылықтарын білдірді.

– Мұндай бастамаларды тек қолдау керек. Бізге балалар үшін қауіпсіз, заманауи және таза аулалар қажет. Ал, ересектер үшін – тынығып, әңгімелесетін орындар болғаны жақсы. Осы жобаны жүзеге асырған барша жандарға алғыс айтамыз, – дейді бұл ретте, жергілікті көпбалалы ана Айгерім Сәрсенқызы.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Ерейментау ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар