Тәттілер пісіріп, қуаныш сыйлайды

Державинск қаласында үйдегі жылу мен жаңа піскен кондитерлік өнімдердің хош иісі бар жаңа орын пайда болды. Жуырда аудан орталығы Державинск қаласында жас кәсіпкер Айгерім Тұмабаева негізін қалаған «Шай үстелі» шағын наубайханасы жұмысын бастады.

Осы жылдың тамызында Айгерім Ақмола облысы кәсіпкерлер палатасының Жарқайың аудандық филиалына үйде кондитерлік өнімдер пісіретін шағын цех ашу жөніндегі өтінішін білдіре келді. Палата сарапшылары бұл бастаманы қолдап, бизнес-жоспарын әзірлеуге және курстан өтуге кеңес беріп, өз тараптарынан көмек көрсетті. Осының нәтижесінде Айгерім 400 айлық есептік көрсеткіш, яғни, 1 572 800 теңге көлемінде грант иегері атанды, бұл оған қажетті шағын цех жабдықтарын сатып алуға және өндірісті ресми түрде іске қосуға мүмкіндік берді.

–Бүгін, әрине, кез келген дайын қамырды сатып алуға болады, бірақ оны иін қандырып, өзің илегенге не жетсін. Маған әр тоқаштың өзіндік сипаты болуы маңызды. Мен үшін ең бастысы, үнемі ізденісте болу. Мысалы, қатпарлы қамыр, тәттіні қалайсыз ба, аздап ваниль мен қант қосасыз ба, әлде тұзды қамыр ұнай ма, бәрі өз еркіңізде. Осындай керемет тағамдар дайындай аласыз. Мұның бәрі шабытқа да байланысты, – дейді Айгерімнің өзі бұл орайда.

Бизнес-жоспарын сәтті қорғап, іске кіріскеннен бері Айгерім қала тұрғындары мен қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарынан тапсырыстар қабылдап жатыр. Өңірлік кәсіпкерлер палатасы Жарқайың аудандық филиалының қолдауымен оның хош иісті өнімдері Державинск дәмханалары мен асханаларына жеткізіледі, онда ол тез арада клиенттердің сұранысына ие болады.

Айгерім үшін мемлекеттің бұл қолдауы үлкен көмек. Ал қала тұрғындары үшін жаңа пісірілген, тәтті кондитерлік өнімдер туған күндерде және тағы басқа қуаныштарда керек болып жататын және енді тез табылатын көз қуанышы.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Жарқайың ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар