Биылғы жылдың ең басты саяси науқаны Парламент және барлық деңгейдегі мәслихат сайлауында «Nur Otan» партиясы өзінің нақты сайлауалды бағдарламасымен келді. Әр ауданға арналған бағдарламаның Жол картасы әзірленіп, осыған орай мәслихаттардағы жауапты депутат бекітілді.
Сайлауалды бағдарламадағы дамудың 7 басымдығы ішіндегі, үшінші “Әлеуметтік-бағытталған аймақ” бағытында білім беру саласын дамыту, оның ішінде инклюзивті білім беру деңгейін көтеруге аса мән беріледі. Аталған бағыт облыстық мәслихат депутаты ретінде менің бақылауымда.
Ақмола облысында бүгінгі күні туғаннан бастап 18 жасқа дейінгі 10 519 ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар бала, оның ішінде 1507 мүгедек бала есепте тұр. Облыстың арнайы білім беру ұйымдарының желісі: 4 арнайы мектеп-интернатпен, 1 арнайы «балабақша-мектеп-интернат» кешенімен , 4 психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясыме, 19- Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерімен, 1-Оңалту орталығымен қамтылған.
Арнайы мектепке дейінгі ұйымдар желісін кеңейту мақсатында Көкшетау қаласында 280 орындық арнайы балабақша (пайдалануға беру 2022 жылға жоспарланған, қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары жүргізілуде) және адамдардың қозғалысы шектеулі топтары үшін балабақша салу жоспарлануда.
Қазіргі таңда инклюзивті білім беру үшін жағдай жасаған мемлекеттік мектептердің үлесіне тоқталсақ 459 мектепте ерекше білім беруді қажет ететін балаларды оқыту үшін жағдай жасалған, ол 83,2 % — ды құрады.( жоспар бойынша 87,7 % болу керек). 2025 жылға дейін инклюзивті білім беру үшін жағдайды 104 мектепте жасау жоспарланған.
«Инклюзивті білім беру үшін жағдай жасаған мемлекеттік балабақшалардың үлесі» 66,4% -ды құрады, ал жоспар 91 мемлекеттік балабақшада 75,4%, жыл аяғына дейін құрау керек.
Әрине, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға көп көңіл бөлуді қажет етеді. Өткен жыл бойынша Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың мәселелерін шешу мақсатында облыстық мәслихат сессиясының қорытындысы бойынша аутизмі бар балаларды әлеуметтік бейімдеу және психологиялық — педагогикалық сүйемелдеу қызметтерін көрсетуге мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыруға 34 581,2 мың теңге сомасында қаражат бөлінді.
Білім басқармасының Қазақстан Республикасының білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 — 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының «Инклюзивті білім беруді қолдау ресурстық бөлмелерінің желісін кеңейту» индикаторын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарын әзірледі, оның шеңберінде 2025 жылға дейін инклюзивті білім беруді қолдау үшін 103 ресурстық бөлме ашу қарастырылып отыр.
Инклюзивті білім беру үшін жағдай жасаған білім беру ұйымдарының үлесі 2021 жылының нәтижесі бойынша 80%-ға, ал 2025 жылы 100% қамтылуы жоспарлануда.
Негізгі міндет – барлық деңгейдегі білім беру ұйымдарында кедергісіз оқыту, физикалық ортаны құру және жақсарту жөніндегі жұмысты жалғастыру болып табылады.
Әрине, көптеген мәселелер әлі де шешілуді талап етеді. Арнайы мамандардың жетіспеуі, ерекше білімді қажет ететін балалардың мектепке дейінгі ұйымға тұрақты қатыспауы, Сонымен қатар осы балалармен жұмыс істейтін тәрбиешілерге біліктілігін арттыру курстарының ұдайы жүргізілмеуі, ата-аналармен психологиялық жұмыстар жүргізу,қолдау орталықтарының аз болу мәселелері бар.
Сонымен қатар, «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір» атты сайлауалды бағдарламасын орындау бойынша Жол картасындағы Халық бірлігі мен қоғамдық келісімді дәріптеуді көздеген — бесінші бағыт — Бай тарихы мен мәдениеті бар аймақ бағытында айқындалған шаралар кешеніне тоқталатын болсақ, осы жылда жүзеге асырылған және жыл соңына дейін іске асатын шараларға келсек, Жол картасында негізгі 19 жоба айқындалған. 2021 жылы Ақмола облысында бірқатар маңызды іс-шаралар өткізу жоспарланған.
Жалпы, «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының жол картасы бойынша Ақмола облысының мәдениет саласында 2021-2025 жылдар аралығында 5 жылдық кезеңге 16 мәдениет нысанының жөндеу жұмыстары және 2 құрылыс жобасы жоспарланған.
2021 жылы жалпы сомасы 469,0 млн.теңгеге 3 инфрақұрылымдық жобаны іске асыру, оның ішінде Атбасар ауданының Бастау ауылында 205,3 млн. теңге сомасына Жастардың демалыс орталығының құрылысы, Жақсы ауылында 213,9 млн. теңге сомасына аудандық мәдениет үйін күрделі жөндеу және Сандықтау ауданының Максимовка ауылдық мәдениет үйін 50,1 млн. теңге сомасына күрделі жөндеу жоспарланған. Бастау ауылында Жастардың демалыс орталығының құрылысы «Ауыл-ел бесігі» жобасы бойынша жүзеге асырылуда. Жалпы құны 418,5 млн. теңгені құрайды. Құрылыс 2020 жылы басталды. Құрылыстың 1-ші кезеңіне өткен жылы 213,2 млн.теңге бөлінді.
Сондай-ақ, мәдениет саласында 5 жылдық кезеңге 25 мәдени-бұқаралық іс-шара өткізу жоспарланған. «Тарихи және маңызды объектілерге өлкетану экспедицияларын, киелі орындарды абаттандыру бойынша жұмыстарды жүргізу» 2021 жылға жоспарланған іс-шаралар енгізіліп отыр.
Жалпы мәдениет саласындағы іс – шаралар кешені ауқымды. Көкшетау қаласында, Болашақ сарайында бастауын алған «Рухани қазына – 2021» фестивалінің өткізілу барысына қатысқан Мәдениет және спорт министрі Актоты Рахметуллақызы Раимкулованың Көкшетау қаласын еліміздің 2021 жылғы мәдени астанасы ретінде жариялап, «Қазақстанның мәдени астанасы – 2021» мүсіншесін табыстады.
Сондай-ақ, 2021 жыл Балалар әдебиеті жылы деп жарияланды. Осыған байланысты біздің облыста «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында балалар оқуын дамытудың қадамдық алгоритмі жасалып, жұмыс жүргізілуде.
Әрбір Қазақстандықтың өмір сүру деңгейін арттыруды мақсат еткен сайлауалды бағдарламасын орындау аясындағы Жол картасы өңірді кешенді дамытуға бағытталған, аймағымызды экономиканың тұрақты, бәсекеге қабілетті құрылымымен және өмір сүру үшін жайлы және қауіпсіз өмір сүру үшін 7 басым бағыт бойынша нақты шараларды ұсынып және сол жолда халықтың игілігі үшін қызмет етуді жалғастырады.
Айнагүл Балташева
Ақмола облыстық мәслихатының депутаты