Ақмолалық оқушылар пәнаралық республикалық онлайн олимпиаданың жүлдегері атанды

Ақмола облыстық білім басқармасының мәліметінше, Көкшетау қаласындағы «Білім-инновация» лицей-интернатының базасында Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша Республикалық жасөспірімдер (юниор) онлайн қорытынды олимпиадасы өткізілді.

Олимпиаданың мақсаты − оқушылардың жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді оқытуды ынталандыру, жастарды жоғары дәрежедегі олимпиадаларға дайындау.

Биыл пандемия жағдайына байланысты Олимпиада бір мезетте республиканың барлық облыстарда Oqylyk.kz платформасында прокторинг жүйесін қолдану арқылы өткізілді. Оған математика, физика, химия, биология, информатика және география пәндері бойынша 7-8 сынып оқушылары қатысты.

Қазылар алқасының шешімімен І дәрежелі дипломмен – 45 оқушы, ІІ дәрежелі дипломмен – 67 оқушы, ІІІ дәрежелі дипломмен – 99 оқушы марапатталды..Барлығы 211 жеңімпаз.

Аталмыш олимпиадаға Ақмола облысынан 23 оқушы қатысты.
Олимпиада қорытындысы бойынша ІІ орынға ие болған оқушылар:

1. Сейтбаттал Темірлан – Ақмола облысы білім басқармасының «Білім-инновация» лицей-интернатының 7-сынып оқушысы;
2. Лекеров Дәурен – Ақмола облысы білім басқармасының «Білім-инновация» лицей-интернатының 8-сынып оқушысы;
3. Егінбаева Жанерке – Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы, Абай атындағы (қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған № 3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 8-сынып оқушысы;
4. Беспай Аслан – Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы, Абай атындағы (қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған № 3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 8-сынып оқушысы;
5. Ким Камила – Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы, Абай атындағы (қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған № 3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 8-сынып оқушысы.
ІІІ орынға ие болған оқушылар:

1. Абай Аят – Ақмола облысы білім басқармасының «Білім-инновация» лицей-интернатының 8-сынып оқушысы;
2. Нұрмаш Айғаным – Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы, Абай атындағы (қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған № 3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 8-сынып оқушысы;
3. Прокудина Валерия – Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы, дарынды балаларға арналған № 4 облыстық мамандандырылған «Болашақ» мектеп-интернатының 8-сынып оқушысы;
4. Досымбекова Мадина – Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының техникалық-лицейінің 7-сынып оқушысы;
5. Козловцев Антон – Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының № 6 мектеп-лицейінің 7-сынып оқушысы.

Грамотаға Амантай Әбілмансұр – Ақмола облысы білім басқармасының «Білім-инновация» лицей-интернатының 8-сынып оқушысы ие болды.
Аталған олимпиадада Ақмола облысы командалық есепте 3 орынға ие болды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар