Сұрапыл циклон Үндістан жағалауына жақындап қалды, 3,5 млн-ға жуық адам эвакуацияланды

Үндістанның шығысындағы Одиша және Батыс Бенгалияның жағалаудағы аумақтарына «Яас» циклоны жақындауы себебімен ол жерден шамамен 3,5 млн жуық адам қауіпсіз жерге шығарылды. Бұл туралы ҚазАқпарат NDTV телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Телеарнаның мәліметінше, Одишада 3 млн жуық адам, ал Батыс Бенгалияда жарты миллиондай адам үйлерінен кетуге мәжбүр болған. Тұрғындар алапат тропикалық құйын жылжып келе жатқан аумақтардан кетіп жатыр.

Үндістанның ұлттық метеорологиялық қызметінің болжамына сәйкес, «өте қатаң циклон» дәрежесін алған «Яас» алдағы сағаттарда Парадип қаласы мен Сагар аралдарының арасындағы жағалауға алғашқы соққысын тигізеді. Бенгал шығанағы жақтан жылжып келе жатқан циклон өзімен бірге қатты нөсер жауын мен жылдамдығы секундына 51,3 м/с дейін жететін дауылды жел әкеледі.

Балықшыларға теңізге шықпау кеңес етілген. Батыс Бенгалия астанасы Калькутта қаласының әуежайында ұшу тоқтатылды. Ел билігі ауруханалар мен денсаулық сақтау ұйымдарына мекемелердің үздіксіз электр энергиясы мен медициналық оттегімен қамтылуы үшін шаралар қолдануды кеңес етті.

Дерекөз: inform.kz

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар