Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Туған әжесін өлтіріп тынды - АРҚА АЖАРЫ

Туған әжесін өлтіріп тынды

Иванов кәмелет жасқа толып, 2011 жылдың мамыр айында, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қатарына шақырылды Әуе-десанттық шабуылдау әскерлерінде бір жыл қызмет етті.

Мектеп жасында жекпе-жек спорты бойынша бірнеше марапаттарға ие болған, жақсы физикалық дайындығы бар. Қарулы Күштердегі қызмет мерзімі аяқталып, үйге келгеннен кейін өзінің туыстары мен достарына деген жеккөрушілік сезімі пайда болып, теріс бағытқа түбегейлі өзгерді.
Ал, жуырда Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты өз әжесін өлтірген Ивановқа қатысты қылмыстық істі қарады. Қылмыстық оқиға былай өрбіген.

Ақмола облысындағы ауылдардың бірінде әжесі немересі Ивановтың өзіне дене жарақатын салғанын айтып, көршісінен көмек сұрайды. Көршісі оған алғашқы медициналық көмек көрсетіп, болған жағдай туралы учаскелік полиция қызметкеріне хабарлайды. Осыдан кейін учаскелік полиция инспекторы Ивановпен профилактикалық әңгіме өткізді, оның барысында соңғысы өзін агрессивті ұстады. Учаскелік полиция қызметкері амалсыздан оған қарсы «Бұрыш балоны — Шок» арнайы құралын қолданды.

Ивановты әжесінің көршілерге және құқық қорғау органдарына өзін ұрып-соғу туралы шағымданғаны қатты ашуландырады. Сөйтіп, өшіккен оны өлтіруге қылмыстық ниет пайда болды. Осылайша қаскөй пиғылын іске асыра отырып, жақсы физикалық дайындығы бар ол әжесін әдейі кеуде тұсынан тепті, соңғысы еденге құлап түсті. Әрі қарай мұнысымен тоқтамай, еденде жатқан Петрованың кеудесіне, басына, ішіне және денесінің басқа бөліктеріне аяғымен көптеген соққылар жасай бастады. Өмірге сәйкес келмейтін көптеген дене жарақаттарын алу салдарынан әжесі сол жерде қайтыс болды. Ажал сүйектерінің сынуымен және ішкі органдардың зақымдануымен бірге, кеуде және іш қуысының доғал жарақатынан келген.

Сот үкімімен Иванов Қазақстан Рес-публикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 11 жыл 2 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Магдалина БІЛӘЛОВА,
Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының
кеңсе меңгерушісі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар