Әлеуметтік желідегі әдепсіз әрекеті үшін жазаланды

«Алмақтың да, салмағы бар» демекші, әрбір әрекет, айтылған сөз үшін жауапкершілік болады. Өкінішке орай, бүгінде әлеуметтік желілер арқылы лауазымды тұлғаларға, жеке адамдарға, жалпы қоғамға қарсы неше түрлі былапыт сөздер айтатындар көбейіп барады. Бұндай әрекеттің заң шеңберінде жауапкершілікке ұшырататынын көп адамдар ескермей жатады.

2021 жылғы 3 наурызда азамат А. өзі қатысқан сот мәжілісін ұялы телефонына түсіріп, суреттерін Instagram әлеуметтік желісіне әдепсіз сөздер жазып, жариялап жіберген. Осы әрекеті үшін Көкшетау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының 2021 жылғы 17 наурыздағы қаулысымен ұсақ бұзақылық жасады деп танылып, азамат А. әкімшілік жауапкершілікке тартылды (Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабының 1-бөлігі) және оған 10 тәулік мерзімге қамаққа алу түрінде әкімшілік жаза тағайындалды.

2021 жылдың 7 сәуірінде Ақмола облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы Көкшетау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысын өзгеріссіз өз күшінде қалдырды.

Қ.КЕЛДІҒҰЛҰЛЫ.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар