Біздің веб-сайт жұмысты жақсарту және жарнамаларды көрсету үшін cookie файлдарын пайдаланады (бар болса). Біздің веб-сайтта Google AdSense, Google Analytics, Youtube сияқты үшінші тараптардың cookie файлдары болуы мүмкін. Веб-сайтты пайдалану арқылы сіз cookie файлдарын пайдалануға келісесіз. Біз Құпиялылық саясатымызды жаңарттық. Біздің Құпиялылық саясатымызды тексеру үшін түймені басыңыз.

АҚШ тұрғыны «коронавирус» лотереясынан бір млн доллар ұтты

АҚШ-тың Огайо штатында тұратын әйел коронавирусқа қарсы вакцина алғандар арасында ойнатылған лотереяның жеңімпазы атанды. Ол бір миллион АҚШ долларын ұтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Business Insider-ға сілтеме жасап.
Порталдың мәліметінше, Цинциннати қаласына жақын орналасқан Сильвертонда тұратын Эбигейл Бугенске лотереяның алғашқы жеңімпазы атанса, мектеп оқушысы, Энглвуд тұрғыны Джозф Костелло болашақ оқуының толық төлемін ұтып алған. Жеңімпаздың екеуі де кездейсоқ сандар генераторы арқылы анықталғанын атап өту керек. Лотереяға 2,7 миллионнан астам адам қатысқан.
Лотерея ережесі бойынша, ең болмағанда бір екпе алған адамдар қатысушылар тізіміне автоматты түрде кіреді. Екпе алғандар арасында миллион доллар апта сайын 23 маусымға дейін ойнатылады. Жалпы алғанда, он адам жүлде алады: бес ересек және бес жасөспірім.

Дереккөз: inform.kz

 

By Арқа ажары

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар