Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Тезірек қартайғыңыз келмесе... - АРҚА АЖАРЫ

Тезірек қартайғыңыз келмесе…

Швед ғалымдары мидің қартаюын бәсеңдететін бірнеше тәсілді атады. Бұл өмір сүру дағдысына ықпал етеді екен. Күнделікті режимге елеулі өзгеріс енгізу тек мидің ғана емес, бүкіл ағзаның сау болуын жақсартады.

Гетеборг университетінің денсаулық психологиясы профессоры Магнус Линдвалльдің айтуынша, жасы келген адамның мінез-құлқы мен әдет-дағдылары миға көп ықпал етеді.

– Әдетте, стимуляцияның үш түрі туралы әңгіме болып жүр. Олар – физикалық, когнитивті және әлеуметтік стимуляция. Қартаюды бәсеңдету үшін көп қозғалу керек. Ұзақ отырудың организмдегі қабынуды арттырып, күшейтіп жіберетіні жайлы дәлелдер ұшан-теңіз. Деменцияның даму қатерін тудырады, – дейді ғалым.

Мидың өмірі ұзақ болуы үшін алдымен ұйқы жақсы болуы тиіс. Жүйке жасушаларының жұмысына, мидың жаңа жасушаларды жасау қабілетіне жейтін ас-ауқаттың да маңызы зор. Сондықтан, жеміс-жидектер, көкөністер, жаңғақ, цитрус, зәйтүн майы және балықты көп тұтыну керек. Артық салмақ қосудан да сақтанған дұрыс. Ғалымдардың айтқанына жүгінсек, ішектің микрофлорасының жақсы болуына мән берген жөн. Өйткені, психикалық денсаулық үшін өте маңызды зат – серотонин гормоны. Оның 90 пайызын осы ағза бөліп шығарады. Ми тек 10 пайызын ғана өндіреді екен.

Мидің саулығына жақсы психологиялық көңіл-күй оң ықпал етеді. Яғни, туыстармен жақсы қатынаста болу, адамның белсенділігі, өмірдің мәні мен мақсат-мұраттарын білу – аса маңызды. Ұдайы жаңа нәрселерді үйренуге ұмтылу керек. Себебі, жақсы нәтижеге жетуге зейін мен дағды қажет. Мұны талап ететін жұмыстар мидың жаңа жасушаларын түзеуге ықпал етеді.

Осының алдында АҚШ ғалымдары ұзақ жүру адамның денсаулығын жақсартып, өмірін ұзартатынын жария еткен еді. Күніне 8 мың қадам жасайтын адамдарда өлім қаупі 51 пайызға азаяды екен. Ал, 12 мың қадам жасайтындардың денсаулығына төнетін қауіп 65 пайызға төмендеген. Олай болса, таза ауада жақсы ойлап, ұзақ жүру адамның өмір сүру уақытын ұзартатынын естен шығармағанымыз жөн.

Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар