Вакцинация коронавирустың ауыр түрі мен өлімнен қорғайды – эпидемиолог

Алматылық эпидемиолог Эльвира Ибрагимова корнавирусқа қарсы вакцинаның тиімділігі туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Вакцинацияның басты нәтижесі – адам бұл вирусты жұқтырмайды.

Науқас адаммен байланыста болса да. Иммунитет қалыптасқаннан кейін, ағзада инфекцияға қарсы тұратын антиденелер пайда болады. Симптомсыз адам өзінің науқас екенін білмей, иммунитеті төмен және созылмалы ауруы бар адамдарға жұқтыруы мүмкін. Мұндай жағдайлар жиі кездеседі. Сондықтан ілеспе ауру бар тұрғындарды вакцинациялау маңызды, бірақ тек ремиссия кезінде.

Сондай-ақ, вакцина өлімнен және аурудың ауырлығынан қорғайды. Вакцина жасаушылардың клиникалық сынақ нәтижелері бойынша вакцинация тиімділігі 97% құрайды», – Эльвира Ибрагимова. Сонымен қатар, ол вакцина кейде аллергиялық шок тудыруы мүмкін екенін атап өтті. Бірақ, мұндай жағдай өте сирек кездеседі. Типтік реакциялар: инъекция орнының ауырсынуы, бас және бұлшықеттің ауруы болады.

«Вакцина алғаннан кейін де профилактикалық шараларды сақтау қажет. Атап айтар болсам, әлеуметтік арақашықтық, маска режимі. Егер ЖРВИ белгілері байқалса, дәрігерге қаралу керек»,- деді эпидемиолог.

www.inform.kz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар