Біздің веб-сайт жұмысты жақсарту және жарнамаларды көрсету үшін cookie файлдарын пайдаланады (бар болса). Біздің веб-сайтта Google AdSense, Google Analytics, Youtube сияқты үшінші тараптардың cookie файлдары болуы мүмкін. Веб-сайтты пайдалану арқылы сіз cookie файлдарын пайдалануға келісесіз. Біз Құпиялылық саясатымызды жаңарттық. Біздің Құпиялылық саясатымызды тексеру үшін түймені басыңыз.

Аргентинада коронавирус өршіп тұр

Аргентинада Сovid-19 вирусын жұқтырушылар саны артып келеді,-деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналына сілтеме жасап.
Ондағы мәліметтерге қарағанда, өткен тәулікте Аргентинада коронавирус жұқтырудың 20 мыңнан астам жағдай анықталды. Аргентинаның Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, соңғы 24 сағат ішінде вирус жұқтырғандардың саны 21 436 жағдайға артты.
Нәтижесінде SARS-CoV-2 тасымалдаушыларының жалпы саны 3 753 609 құрады. Пандемия басталғаннан бері Аргентинада COVID-19-дан қайтыс болғандар саны 77 456 адамға жетті. Эпидемиялық жағдайдың нашарлауына байланысты Аргентина билігі мамыр айының соңына дейін қатаң локдаун енгізді.

Дерекөз: www.inform.kz/

By Арқа ажары

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар