Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Өмірді сақтандыру - болашаққа деген сенімділік! - АРҚА АЖАРЫ

Өмірді сақтандыру – болашаққа деген сенімділік!

Біздің өміріміз күтпеген және кездейсоқ жағдайларға толы. Болашақ туралы ойлана отырып, әркім өзін және отбасын мүмкіндігінше кез келген күтпеген жағдайлардан қорғауға тырысады.  

Өмірді сақтандыру не үшін қажет және қазақстандық сақтандыру нарығы оның қандай түрлерін ұсынатыны туралы Fingramota.kz сайтында қарастырамыз.

 Өмірді сақтандыру деген не және ол не үшін қажет?

Бұл сақтандырудың ерікті түрі және полистің бұл түрін сатып алу алдында бірнеше сұраққа жауап беріңіз: сіз отбасында жалғыз асыраушысыз ба, жеке көлікті жүргізесіз бе және сіздің кәсібіңіз күнделікті тәуекелдермен байланысты ма. Егер осы сұрақтардың кем дегенде біреуіне иә деп жауап берілсе, өмірді сақтандыру полисін сатып алу туралы ойланғаныңыз жөн.

Өмірді сақтандыру сақтандырылған адам қайтыс болған немесе белгілі бір жас қалған жағдайда сақтандыру төлемін алуға мүмкіндік береді. Бұл сізге жазатайым жағдайдың салдарын азайтуға және өзіңіз бен жақындарыңызға қауіпсіздік жастықшасын жасауға мүмкіндік береді.

Өмірді сақтандыру өнімдері

Қазіргі уақытта қазақстандық өмірді сақтандыру нарығы сақтандыру өнімдерінің: жинақтау және классикалық сияқты түрлі нұсқаларын ұсынады.

 Өмірді жинақтау арқылы сақтандыру сақтандыру қорғауында болған кезде және сақтандыру төлемдеріне кепілдік болған кезде ақшаны банктік депозит сияқты көбейтуге мүмкіндік береді.

2020 жылы ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) Unit-linked өмірді сақтандыру инвестициялық өнімі бойынша инвестициялаудың жеке стратегияларын енгізуге жағдай жасады

«Unit linked» сақтандырудың жинақтаушы түрінің айқын мысалы болып табылады. Бұл өнімде инвестициялар және өмірді сақтандыру қамтылады және инвестициялау стратегиясын таңдауға, өз жинақтарыңызды инвестициялауға, табыс алуға және ең бастысы – сақтандыру арқылы қорғауда болуға мүмкіндік береді. Полистің қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін, сіз инвестициялау уақытында бағалы қағаздар құнының өсуі есебінен ұлғаюы мүмкін жинақталған соманы аласыз. Сақтандыру жағдайы басталған кезде сіз сақтандыру сомасы мен инвестициялардың ағымдағы құны мөлшерінде сақтандыру төлемін ала аласыз. Бірақ сіз осындай өнімді таңдаған кезде, клиент инвестициялық тәуекелдерді өз бетінше көтеретінін білуіңіз керек.

Сондай-ақ, қазіргі уақытта Агенттік өмірді сақтандыру компанияларының мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесіне қатысуы бөлігінде түзетулерді көздейтін заң жобасын әзірледі. Осы жүйе шеңберінде жасалған жинақтаушы сақтандыру полисі 5% немесе 7% мөлшерінде мемлекеттің қолдауымен балалардың білім алуына ақша қаражатын жинақтау мүмкіндігін ұсынады, бұл ретте ата-анасы еңбекке қабілеттілігінен айырылған немесе ол қайтыс болған жағдайда, балаға сақтандыру шартында жазылған оқудың толық сомасын төлеуге кепілдік береді.

 Өмірді классикалық сақтандыру – бұл жалғыз тәуекелді – қайтыс болуды өтейтін сақтандыру. Сақтанушы сақтандыру шартының талаптарына қарай біржолғы жарна төлеуге немесе шартта айтылған мерзім ішінде тұрақты негізде жарналар төлеуге тиіс. Сақтандыру жағдайы басталған жағдайда шартта көрсетілген туыстар немесе жақын туыстар төлемді, яғни сақтандыру сомасын алады.

Сондай-ақ сақтандыру компаниялары сақтандырылушының еңбекке қабілеттілігін жоғалтқан, ауруханаға жатқан, жарақат алған және тіпті жазым болғанға дейінгі жағдайлары үшін, негізінде өмірді тәуекелді сақтандыру жатқан полисті ұсынады.

Тәуекелді сақтандырудың тағы бір кең таралған өнімі, қарыз алушының өмірінде күтпеген жағдайлар туындаса, кредит бойынша негізгі борыш сомасы сақтандыру шарты бойынша төлем есебінен өтелетін, қарыз алушының өмірін сақтандыру болып табылады.

Зейнетақы аннуитеті – зейнетақы баламасы ретінде

Бүгінгі таңда зейнет жасына жеткен жағдайда, қазақстандықтарда зейнетақы төлемдерін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан алу немесе зейнетақы жинақтары жеткілікті болған жағдайда, оларды белгілі бір мақсаттарда пайдалану мүмкіндігі туындап отыр.

Балама ретінде, зейнетақы жинақтарының есебінен төлемді сақтандыру компаниясымен зейнетақы аннуитеті шартын жасаған жағдайда алуға болады. Зейнетақы аннуитеті шарты бойынша төлемдер ерлер 55 жасқа толған кезде, әйелдер – 52 жасқа, әрі қарай 2027 жылы көтерілетін 55 жасқа толған кезде жүзеге асырылады.

Зейнетақы аннуитеттері бойынша төлемдер ай сайын, сақтандырылушының бүкіл өмірінің бойына, кем дегенде 5% жыл сайынғы индекстеумен жүзеге асырылады. Сақтандырылушы жазым болған жағдайда, зейнетақы аннуитеті шарты бойынша төлемдерді оның барысында пайда алушы (зейнетақы аннуитеті шартында көрсетілген тұлға) немесе сақтандырылушының мұрагерлері алатын кепілдендірілген төлемдер кезеңін қосу опциясы бар.

2021 жылдың басынан 45 жастан бастап кейінге қалдырылған зейнетақы аннуитеті шартын жасау мүмкіндігі ұсынылады. 

Сондай-ақ, Агенттік зейнетақы аннуитеті шартына бір адамның емес, ерлі-зайыпты жұптың немесе жақын туыстардың қатысуын пайымдайтын бірлескен аннуитеттерді енгізуді жоспарлап отыр. Бірлескен аннуитет жақын туыстардың зейнетақы жинақтарын біріктіріп, кірістерді аннуитет шарты бойынша қайта үлестіруге мүмкіндік береді (берілген тақырып бойынша Fingramota.kz қосымша айтатын болады).

 Сақтандыру бойынша төлемге кім кепілдік береді?

Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың мүдделері Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесімен қорғалған. «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры сақтандыру компаниясы мәжбүрлеп таратылған және сақтандыру компаниясы лицензиясынан айырылған кезде сақтанушыға төлемдерді жүзеге асыруға кепілдік беретін жалғыз жүйе болып табылады.

Сақтандыру төлемдері бойынша кепілдік тек Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының қатысушылары болып табылатын ұйымдарға ғана жүзеге асырылатынын білу қажет. (Бүгінгі күні 27 сақтандыру ұйымының 26-сы сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесінің қатысушылары болып табылады)

Сақтандыру компаниясын қалай таңдауға болады?

Сақтандырушыны таңдау кезінде алдымен компанияның сақтандыру қызметін жүзеге асыруға лицензиясының болуын тексеру қажет. Агенттіктің  «www.gov.kz» сайтында «Қызмет» бөлімінде» – «Рұқсаттар мен хабарламалар тізілімінде» тексеруге болады.

Тағы бір маңызды мәселе – компанияға қатысты Агенттік қабылдаған шаралар мен санкциялардың бар-жоғын тексеру. Бұл ақпаратты да Агенттіктің «www.gov.kz» сайтынан алуға болады.

Маңызды! Сақтандыру шартымен мұқият танысыңыз. Шартта барлық талаптар көрсетілуі тиіс: құны, төлем тәртібі, франшиза, сақтандыру жағдайының басталу критерийлері және т.б. Егер шарттың талаптары сізге түсініксіз немесе күмән тудыратын болса – компания менеджерінен сұрауға қымсынбаңыз. Басқа сақтандыру компанияларының шарттарын салыстырып, сіз үшін қолайлы және тиімді сақтандыру шарттарын таңдаңыз.

Өзіңізді, денсаулығыңызды сақтаңыз және қаржылық сауаттылығыңызды Fingramota.kz-пен бірге арттырыңыз!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар