8000 доллардың грантын ұтып алды

Көкшетау қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11 «Е» сынып оқушысы Әлихан Қалыбаев Катар мемлекетіндегі Солтүстік-Батыс университетінің дайындық курстарына қатысуға мүмкіндік беретін 8000 доллардың грантына ие болды.

Аталмыш жазғы курстарда ол жарқын оқиғаны түсіру үшін дыбыс, жарық, монтаж және тұтастай кинематографияның қыр-сырын үйренетін болады. Курс бір аптаға созылады деп жоспарланған.

Оның барысында қатысушылар өз күштерін кино саласында байқап, алғашқы қысқа метражды фильмдерін жасап көреді.
–Мен бұл курсқа қатысу үшін өзімнің марапаттарымды, сыныптан тыс іс-шаралардағы жетістіктерімнің тізімін, табельдерімді, ұсыныс хаттарын және тағы басқа қажетті құжаттарды қабылдау комиссиясына жіберген болатынмын.

Ұсыныс хаттарын жазып, табельдерді беріп, қолдау білдірген мектебіме айтар алғысым зор. Меніңше бұл курс – керемет тәжірибе. Осы курсқа дайындалу барысында университетке түсу алдындағы дайындықтың қалай болатынын аздап сезінген сияқтымын. Бұл мен үшін үлкен жетістік, – дейді Әлиханның өзі осы грант жайында.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар