Соңғы тәулікте індеттің аздап кері шегінгені байқалады

Ағымдағы жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша облыста соңғы тәулікте коронавирус пандемиясын 77 адам жұқтырған.

Облыста санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың ахуалы бойынша бүгінге дейін тіркелген 22452 жағдайдың 15978-і симптомды болса, 6474-і қауіпті вирусты тасымалдаушылар. Ал, осы қауіпті індеттен бүгінге дейін 109 адам көз жұмған.

Соңғы аптаның ішінде, яғни, ағымдағы жылдың 25 мамырынан 1 маусымына дейін COVID-19-дан 718 жағдай тіркелсе, бұл, өткен аптада тіркелген 938 жағдайға қарағанда, індеттің 1,3 есеге төмендегенін байқаймыз. Өткен бір тәулікте коронавирустан зертханалық жолмен 77 адам індет жұқтырғаны расталған.

Оның көбінде қауіпті ауыру белгілері анықталса, олармен байланыста болған 23-і ауруды тасымалдаушылар. Демек, тәуліктік өсімі 0,4 пайыз. Бұл қауіпті індет бойынша соңғы бір тәулікте ересектер арасында 72 жағдай тіркелсе, бесеуі 14 жасқа дейінгі балалар арасында кездесіп отыр. Жалпы, пандемиядан соңғы бір тәулікте мектеп оқушылары арасында 3 жағдай тіркелген.

Оның біреуі Көкшетау қаласынан анықталса, екеуі Сандықтау ауданынан тіркелген. Жалпы, қауіпті індет жұқтырушылар арасында Бурабай, Бұланды аудандары мен Көкшетау қаласы көш бастап тұрғаны жасырын емес.

Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар