2021 жылғы 3 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы, Қарағанды облысы. «Сары» аймақта: Алматы қаласы, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай және Павлодар облыстары «Жасыл» аймақта: Шымкент қаласы, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстары. Еске салсақ, 2 маусымдағы жағдай бойынша «қызыл» аймақта Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Қарағанды облыстары тұрған болатын.
Дереккөз: www.inform.kz
Дереккөз: www.inform.kz