NASA Венераны зерттеудің екі миссиясын ұсынды

АҚШ-тың Аэронавтика және ғарыш кеңістігін зерттеу жөніндегі Ұлттық басқармасы (NASA) Венераны зерттеуге арналған екі миссияны таңдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Deutsche Welle-ге сілтеме жасап.
Миссияның мақсаты «Күн сәулесінен екінші орналасқан ғаламшардың «тозақ сияқты әлемге» қалай айналғанын түсіну. Себебі оның Жермен ұқсас тұстары өте көп делінеді» NASA-ның 2 маусымда жариялаған мәлімдемесінде.
Әр миссияның дайындығына шамамен 500 миллион доллар бөлінді. Екеуі де 2028-2030 жылдарға жоспарланған. DAVINCI + миссиясының аясында сарапшылар негізінен көмірқышқыл газы мен азоттан тұратын планетаның атмосферасын зерттеуге, сондай-ақ Венерада мұхиттардың болған-болмағанын анықтауға ниетті. VERITAS миссиясы Венера бетін картаға түсірумен байланысты болады.
Оның аясында NASA Венераның геологиялық тарихын, бұл планетаның неліктен Жерден өзгеше дамығанын зерттейді деп күтіледі. Америка Құрама Штаттарының Венераны зерттеу тарихы 1962 жылы Маринер-2 ғарыш аппаратын жіберуден басталды. Миссиясы Күннен екінші алыс планетаны зерттеу болған соңғы америкалық аппарат 1989 жылы Венера бетін егжей-тегжейлі картаға түсіру мақсатында іске қосылған Магеллан болды.

Дереккөз: www.inform.kz

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар