Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Бәсекелестік – алға басудың сенімді бір шарты - АРҚА АЖАРЫ

Бәсекелестік – алға басудың сенімді бір шарты

1991 жылғы 7 маусымда елімізде алғашқы монополияға қарсы ведомство – Қазақ КСР Мемлекеттік комитеті құрылды. 1994 жылы Қазақстан Республикасының монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекеттік комитеті Баға жөніндегі комитетпен бірігіп, Баға және монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекеттік комитет болып қайта құрылды. 1994-1999 жылдары республикада экономикалық дамудың бірнеше жалпымемлекеттік бағдарламалары, оның ішінде «Үкіметтің реформаларды тереңдету және экономикалық дағдарыстан шығу жөніндегі іс-қимыл бағдарламасы» қабылданды.

Осы бағдарлама шеңберінде монополияға қарсы қызмет және бәсекелестік саясат саласында сауданы монополиясыздандыруға, жүк тасымалдауға, сыртқы саудаға бағытталған бірқатар шаралар бәсекелес ортаны дамыту және монополистік қызметті шектеуді көздеген алғашқы қадам болды.

2003 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау агенттігі Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік орган болып қайта құрылды.

Құрамына Статистика агенттігі, Табиғи монополияларды реттеу агенттігі, Бәсекелестікті қорғау агенттігі және Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі кірген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі құрылып, 2015 жылы бәсекелестік практикаға Yellow Pages Rule қағидаттары енгізілді, оның мәні салауатты бәсекелес ортаны қолдау үшін мемлекеттік компаниялардың еншілес құрылымдар құруын шектеу және бизнесі бар экономика салаларына мемлекеттің араласуына жол бермеу болды. Бұдан басқа, заңнамалық өзгерістер арқылы монополияға қарсы органның рөлі күшейтілді.

Енді мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекет қатысатын (50 %-дан астам) заңды тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерін кеңейту және өзгерту үшін монополияға қарсы органның алдын ала келісімін алу талап етілді. Сондай-ақ жыл сайын жүргізілген талдаулардың нәтижелері бойынша монополияға қарсы органның бәсекелес ортаға берілуі тиіс квазимемлекеттік сектор субъектілерінің тізбесін қалыптастыру құқығы көзделді.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясының XVI съезінде және Қазақстан халқы Ассамблеясының XXII сессиясында сөйлеген сөзінде әлемдік геосаяси және экономикалық дағдарыс жағдайында мемлекеттілікті нығайтуға бағытталған «Бес институционалдық реформаны іске асыру жөніндегі 100 нақты қадам» Ұлт жоспарын ұсынды.

Осы жоспардың 53-інші қадамы ретінде монополияға қарсы қызметтің жұмыс тұжырымдамасын өзгерту және оны ЭЫДҰ стандарттарына сәйкес келтіру қажеттілігі айқындалды. Бұдан басқа, Мемлекет басшысы 2015 жылғы 30 қарашадағы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына кезекті Жолдауында монополияға қарсы қызметті күшейтудің маңыздылығын және еркін әрі салауатты бәсекелестік үшін жағдай жасау шеңберінде реформалар жүргізу қажеттігін атап өтті.

Қойылған міндеттерді іске асыру үшін бәсекелестікті қорғау саласындағы ҚР заңнамасын ЭЫДҰ стандарттарына сәйкес келтіру бойынша екі кезеңдік тәсіл туралы шешім қабылданды.

Бірінші кезеңде Мемлекет басшысы оған «Бәсекелестік туралы» ҚР Заңының нормалары имплементацияланған ҚР Кәсіпкерлік кодексіне қол қойды, сондай-ақ, монополияға қарсы реттеуді ырықтандыруға, қолданыстағы монополияға қарсы заңнаманың нормаларын, оның мақсаттары мен міндеттерін ескере отырып, үздік әлемдік практикаға сәйкес келтіруге, бизнес субъектілерінің өсуін ынталандыру және ірілендіру мақсатында әкімшілік кедергілерді және бизнеске әкімшілік жүктемені төмендетуге бағытталған жаңалықтар көзделген.

2020 жылы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Президентке тікелей есеп беретін жаңа Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі құрылды. Жаңа Агенттіктің негізгі міндеті бәсекелес орта құру болып табылады, бұл экономиканы мемлекет иелігінен алуды, бәсекелестік алаңды өзгертуді, барлық кәсіпкерлер үшін тең мүмкіндіктер жасауды, нарықтарды монополияландыруды тоқтатуды білдіреді.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 31 желтоқсандағы Жарлығымен Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында бәсекелестік елдің ұлттық идеясы болып айқындалды. «Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы №689 Қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 наурыздағы
№ 176 қаулысымен 7 маусым Монополияға қарсы орган қызметкерлері күні болып жарияланды.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар