Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Мемлекеттік қызметшілердің әдептілігі мәселесі үнемі өзекті - АРҚА АЖАРЫ

Мемлекеттік қызметшілердің әдептілігі мәселесі үнемі өзекті

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі нормаларын сақтау мәселелері бойынша Instagram әлеуметтік желісінде тікелей эфир ұйымдастырды.

Тікелей эфирге Департаменттің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы Қайыржан Сұлтанғазиев және Ақмола облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Айнагүл Жанәділова қатысты.

Қ.Сұлтанғазиевтің ақпараты бойынша, ағымдағы жылдың өткен кезеңінде Әдеп жөніндегі кеңестің 7 отырысы өткізіліп, онда 31 мәселе қаралды. Сондай-ақ ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалды жақсарту, мемлекеттік қызметшілердің бұзылған құқықтарын қорғау және қалпына келтіру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы А.Жанәділова хабардар етті.

Эфир барысында азаматтар мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама мен Әдеп кодексінің нормаларын сақтауы, мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қорғау мәселелері бойынша қажетті консультативтік-әдістемелік көмек алды. Сондай-ақ, желі қолданушыларын мемлекеттік органдарда үстеме жұмыс істеу фактілерінің алдын алу мәселелері алаңдатты.

Тікелей эфирге 200-ден астам көрермен қатысты. Барлығы 10-ға жуық өтініш қаралды.

Онлайн режимде түсіндіру іс-шараларын өткізу тәжірибесі жоғары тиімділікті көрсетті, өйткені келіп түскен өтініштер барынша жедел қаралды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар