«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы өңірде қалай жүзеге асырылып жатыр

Ақмола облыстық ішкі саясат басқармасының мәліметінше, халықтың, әсіресе ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын нақты арттыруға бағытталған «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасының шеңберінде өңірде биыл бірқатар жобалар белсенді түрле жүзеге асырыла бастады.

Оның ішінде Целиноград ауданында дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы, Атбасар ауданында жастардың бос уақытын өткізу орталығының құрылысы, Сандықтау ауданындағы стадионды қайта жаңарту, Қорғалжын, Егіндікөл және Жақсы аудандарындағы кентішілік жолдарды орташа жөндеу жұмыстары бар.

Ағымдағы жылы 14 жоба іске қосылады, оның ішінде 3 айға жоспарланған орта мектепті жөндеу және мәдениет үйін күрделі жөндеу жұмыстары бар.

«Мәдени ошақта толық күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Яғни, абаттандырудан бастап нысанның іші мен сырты толығымен жаңартылады», – деді Мәдениет үйі директорының міндетін атқарушы Жамал Ақжанбаева.

Енді Жақсы ауданы тұрғындарының 95 пайызы ауызсуға қол жеткізе алады.

Айта кетейік, 2020 жылы өңірде «Жұмыспен қамтудың жол картасы» және «Ауыл – ел бесігі» бағдарламалары бойынша 400-ден астам жоба жүзеге асырылды. Ондаған басқа жобалар арқылы елді мекендердің тұрғындары үшін жайлы өмір сүру және өмір сүру сапасын жақсарту үшін жағдай жасалды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар