Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
2006 жылғы үлгідегі банкноттарды мерзімсіз айырбастау туралы - АРҚА АЖАРЫ

2006 жылғы үлгідегі банкноттарды мерзімсіз айырбастау туралы

Халықтың көптеген өтініші негізінде, сондай-ақ, халықаралық тәжірибені ескере отырып, Ұлттық Банк 2006 жылдан бастап және одан кейін шыққан банкноттарды айырбастау үшін шексіз мерзім енгізу туралы шешім қабылдады.
Жаңа банкнот шыққан жағдайда, 12 ай ішінде ескі банкнот қатар қолданыста жүреді. Басқаша айтсақ, ескі банкнот та, жаңа банкнот та заңды төлем құралы болады және оларды бір жыл бойы барлық төлем түрі бойынша қабылдауға міндетті.
Қандай да бір банкнот айналымнан шыққаннан кейін оны 3 жыл мерзім ішінде Ұлттық Банктің филиалдарынан да, екінші деңгейлі банктердің (ЕДБ) бөлімшелерінен де, «Қазпошта» АҚ кеңселерінен де айырбастап алуға болады.
Егер сіз белгілі бір себептерге байланысты айналымнан шыққан банкноттарды 3 жыл ішінде ЕДБ пен «Қазпошта» АҚ кеңселерінде айырбастай алмай қалсаңыз, онда Ұлттық Банктің филиалдары оларды мерзім бойынша шектеусіз қабылдайды. Жаңашылдықтар 2021 жылдың 12 маусымынан бастап күшіне енеді.
2006 жылдан бастап және одан кейін шыққан банкноттарды айырбастауға қатысты сұрақтар бойынша Көкшетау қ., М. Әуезов к.,
214 мекенжайы бойынша орналасқан Ұлттық Банктің Ақмола филиалына және 8 (7162) 55-18-09, 55-18-00, ішкі 2231, 2234 телефон нөмірлері арқылы хабарласуға болады.
Сонымен қатар, ұлттық валютаның банкноттары мен монеталары туралы ақпарат www.nationalbank.kz сайтында «Ұлттық валюта» бөлімінде орналасқан.
Ұлттық Банкі Ақмола филиалының ақпараты бойынша.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар