Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Электронды кедендік сүйемелдеу енгізіледі - АРҚА АЖАРЫ

Электронды кедендік сүйемелдеу енгізіледі

2021 жылдың 16 мамырынан бастап елімізде «жасыл» аймақта орналасқан қазақстандық импорттаушылардың мекен-жайына әкелінген тауарлардың транзиті кезінде электронды кедендік сүйемелдеу қолданылады.

Осы күннен бастап Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің «Көлік құралдарын электрондық кедендік алып жүруді қолдану, сондай-ақ мемлекеттік кірістер органдарының, декларанттың, халықаралық автомобиль тасымалдарын қадағалау ақпараттық жүйесінің ұлттық операторының және тасымалдаушының көлік құралдарын электрондық кедендік алып жүру кезінде өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекіту туралы» 2021 жылғы
28 сәуірдегі № 407 бұйрығы қолданысқа енеді. Бұйрық «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 437-бабын іске асыру мақсатында әзірленген және спутниктік навигацияның техникалық құралдарын (навигациялық пломбалар) пайдалану арқылы кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес, Қазақстан Республикасының аумағында шетелдік тауарлардың тасымалдануын қадағалауды көздейді.
Осы бұйрықты әзірлеу кезінде навигациялық пломбаларды қолданып пилоттық жобаларды өткізу тәжірибесі, сондай-ақ, Еуразиялық экономикалық комиссия алаңында Тауарлар транзитінің бірыңғай жүйесін жетілдіру бойынша жүргізілген жұмыстар ескерілді. Электрондық кедендік сүйемелдеу «жасыл» аймақта орналасқан қазақстандық импорттаушылардың мекен-жайына әкелінген, кеден заңнамасын бұзу қаупіне аз ұшырайтын шетелдік тауарлардың санаттарына қатысты тәуекелдерді басқару жүйесінің ұсынымдары негізінде қолданылады.
Тікелей электронды кедендік сүйемелдеу көлік құралдарының жүк бөлімдеріне навигациялық пломбаларды ілу және көлік құралы жөнелтілетін кеден органынан бастап, баратын кеден органына дейінгі қозғалысын қашықтықтан қадағалау арқылы жүзеге асырылады. Электрондық кедендік сүйемелдеуді енгізу транзит кезінде кедендік операцияларды жеңілдетуге, оларды жүзеге асыру уақытын және транзиттік тасымалдауға қаржылық шығындарды қысқартуға бағытталған.
Ақмола облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің
баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар