Заң талаптары сақтала бермейді

Қазақстан Республикасының Экологиялық Кодексіне сәйкес қоршаған ортаға шығарындыларға рұқсат алушы белгіленген нормативтерді сақтауы тиіс.

Ақмола облыстық экология департаментінің сынақ зертханасы профилактикалық және жоспардан тыс тексерістер кезінде 2021 жылдың басынан бері 16 стационарлық шығарынды көздерінен аспаптық сынама алу жұмыстарын жүргізді. Оның ішінде 2 стационарлық шығарынды көздерінің ластау-
шы заттарының шығарындысы шектеулі реттелетін қалдықтар нормативтеріне сәйкес келмейтіндігі анықталды. Осыған қатысты кәсіпорындарға айыппұл салынды және қоршаған ортаға келтірілген залал өндірілді.
Айта кетерлігі, кәсіпорындардың басым көпшілігінде мемлекеттік стандарт талаптары сақталмайды. Жоғарыдағы стандарттың 2.2. тармағына сәйкес сынама алу орны газ ағынының тұрақталған жерінен алынуы қажет, газ ағынының өзгеретін жерлерінен кейін (бұрылыстар) сынама алу нүктесі құбырдың кемінде 4-5 диаметріне сәйкес келуі қажет. Сонымен қатар, сынама алу нүктесіне ұзындығы 20-100 миллиметр, ішкі диаметрі 60-100 миллиметр болатын құбыр орнатылады. Кәсіпорындар өндірістік экологиялық бақылау кезінде жоғарыда аталған стандарттарды, оның ішінде аспаптық зерттеулер жүргізу, сынама алу кезіндегі қауіпсіздікті сақтау кезінде қолданылатын стандарттар мен нормативтік актілерді сақтауы қажет. Сонымен қатар, департаменттің сынақ зертханасы жылжымалы көздердің аспаптық зерттеуіне жыл басынан бері 32 автокөліктен сынама алып, оның қорытындысы бойынша 6 автокөліктің шығарындылары шектеулі реттелетін концентрация нормативтеріне сәйкес келмейтіндігі анықталды. Негізінен шығарындылардың артуы дизельді автокөліктерде және ұзақ уақыт пайдалануда болған көліктерге қатысты болып келеді.
Айқын НҰРАХМЕТ,
Ақмола облысы бойынша экология департаментінің бас маманы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар