Қазақстанда өткен тәулікте 768 адамда коронавирус індеті ПТР-сынама арқылы расталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.
Өңірлер бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы – 73, Алматы қаласы – 125, Шымкент қаласы – 21, Ақмола облысы – 62, Алматы облысы – 59, Атырау облысы – 29, Шығыс Қазақстан облысы – 70, Жамбыл облысы – 16, Батыс Қазақстан облысы – 39, Қарағанды облысы – 149, Қостанай облысы – 36, Қызылорда облысы – 8, Маңғыстау облысы – 9, Павлодар облысы – 51, Солтүстік Қазақстан облысы – 13, Түркістан облысы – 8.
Айта кетейік, 6 маусым күні коронавирустың жаңадан 989 жағдайы анықталған болатын. 5 маусымда 1 191 оқиға тіркелді. Жалпы, пандемия басталғалы елімізде коронавирусқа 395 832 адам шалдықты.
Дереккөз :www.inform.kz