Мамыр айында тұрғын үйді алып-сату 19% азайды – статистика

Мамыр айында Қазақстанда баспананы сату-сатып алу мәмілелерінің саны 19,0% азайды. Бұл туралы ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Биылғы қаңтар-маусым аралығында тұрғын үйлерді сату-сатып алу бойынша 223 391 мәміле жасалған. Мамыр айында мәмілелер саны 48 351 құрады, бұл сәуір айымен салыстырғанда 19,0% аз.
Жалпы, биылғықаңтар-мамырда тұрғын үйді сау-сатып алу мәмілелерінің саны өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 2,5 есеге артқан. Өңірлер бойынша алсақ, мамыр айында баспананы алып-сату келісімдері ең көп Алматы қаласында жасалған – 6 188 (оның ішінде жеке үйлер – 630, көпқабатты үйдегі пәтерлер – 5 488).
Одан кейін орындарда Қарағанды облысы – 6 055 (1 009 / 5 046), Маңғыстау облысы – 5 135 (1 753 / 3 382), Нұр-Сұлтан қаласы – 4 948 (185 / 4 763) тұр. Сондай-ақ Ұлттық статистика бюросы мамыр айында елімізде баспана бағасы қалай өзгергенін айтқан болатын.

Дерекөз: www.inform.kz

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар