ҚазАқпарат — 9 маусымдағы мәліметке сәйкес, Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинаны толық алғандар саны 1,2 миллионнан асты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, бүгінге дейін I компонентпен – 2 326 487 адам, II компонентпен 1 240 391 адам егілді.
Коронавирусқа қарсы вакцинаның ІІ компонентін де алған өңірлер арасында Алматы қаласы көш бастап тұр – 214 501 адам. Одан кейінгі орындарда Алматы облысы (143 741), Қарағанды облысы (115 340), Нұр-Сұлтан қаласы (111 683) және Шымкент қаласы (98 949) тұр.