Қазақстанда коронавирусқа қарсы егілгендер саны 1,2 миллионнан асты

ҚазАқпарат – 9 маусымдағы мәліметке сәйкес, Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинаны толық алғандар саны 1,2 миллионнан асты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, бүгінге дейін I компонентпен – 2 326 487 адам, II компонентпен 1 240 391 адам егілді.

Коронавирусқа қарсы вакцинаның ІІ компонентін де алған өңірлер арасында Алматы қаласы көш бастап тұр – 214 501 адам. Одан кейінгі орындарда Алматы облысы (143 741), Қарағанды облысы (115 340), Нұр-Сұлтан қаласы (111 683) және Шымкент қаласы (98 949) тұр.

Дерекөз: www.inform.kz/kz

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар