Алматыдан 366 шақырым қашықта жер сілкінді

ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ-нің сейсмикалық стансалар желісі Алматы уақытымен 03 сағат 11 минутта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 366 шақырым қашықта, Қытай Халық Республикасының аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы 10.5. Магнитудасы – 4.3. Жерасты дүмпуі 30 шақырым тереңде болған. МSК-64 шкаласы бойынша жер сілкінісі Алматы қаласында сезілген жоқ.

Дереккөз: www.inform.kz

 1,491 total views,  2 Views Today

By admin

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Өзге де жаңалықтар