Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
108 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды - АРҚА АЖАРЫ

108 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ақмола облыстық төтенше жағдайлар департаменті жанындағы мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы, майор Думан Дәлешов өрт қаупі бар маусымның өтуі жөнінде айтып берді.

– Өткен өрт қаупі бар маусымда облыс аумағында орман өртінің 44, құрғақ шөп жануының 24 оқиғасы тіркелді. Өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда өрт саны 36 оқиғаға, құрғақ шөптің жануы 8,3 пайызға өсті. Мәселен, 2020 жылы облыстың орман алқабында орман өртінің 56, құрғақ шөп жануының 115 оқиғасы тіркелді. 140 гектар алқапта орман өртінің 1 оқиғасы болды.

Егіс алқаптарында өрт тіркелген жоқ. Бурабай ауданында орман өртінің 16, Зеренді ауданында 8, Ақкөл ауданында 5, Степногорск қаласы мен Сандықтау ауданында 4, Біржан сал ауданында 3, Бұланды ауданында 2, Көкшетау қаласы мен Целиноград ауданында 1 оқиғадан тіркелді. Сондай-ақ, Бурабай мен Целиноград ауданында құрғақ шөп жанудың 5, Зеренді мен Шортанды ауданында 3, Біржан сал ауданында 2, Степногорск қаласы мен Ақкөл, Есіл, Бұланды, Ерейментау, Сандықтау аудандарында 1 оқиғадан болды,–деген майор көбіне өрт қараусыз қалған алаудан, темекі тұқылы мен сіреңкеден, көлік мұржасының ұшқынынан, шөп жағудан, линза тәрізді шыны сынығынан болатынын айтты.

Өрт шығуының тағы бір себебі найзағайдан болып отыр. Аталмыш өртті сөндіру үшін департамент биылғы жылдың өрт қаупі бар маусымына 206 техника, 3 өрт су сорғыш станциясын, 300 ранцев от сөндіргішін, 98 мотопомпа және 800 жапырақты сыпырғыш дайындапты. Өрт қаупі бар маусым қарсаңында елді мекендерде құрамында 1141 адамы бар 208 ерікті өртке қарсы құрылым дайындалған екен. Олардың қарамағына 53 негізгі және 396 арнайы өрт техникасы, 70 өрт мотопомпасы, 1 мыңнан астам өртке қарсы инвентарь берілді.

–Тұрғындарды ақпараттандыру және оқыту мақсатында департамент жергілікті атқарушы органдармен бірге бұқаралық ақпарат құралдарында жүйелі ауқымды жұмыс жүргізуде. Өрт қаупі бар маусым басталғаннан бері ақпараттық және алдын алу тұрғысында 123 материал жарық көрді. Сондай-ақ, департамент табиғи өртті сөндіру және 2021 жылдың өрт қаупі бар маусымда орман мен дала өртін сөндіруді ұйымдастыру кезінде орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелерінің дайындығы жөнінде орман шаруашылығының еңбеккерлерімен семинар сабағын өткізді.

Облыс аумағындағы орман өртінің жағдайын қадағалау үшін космостық мониторинг жүргізіліп, табиғи өрт жедел сөндіріледі. Орман өрті жерден және аспаннан қадағаланады. Өрт қаупі бар маусымда Ақкөл, Зеренді және Бурабай аудандарында облыстың 5 ауданы аумағындағы орман алқаптарын әуеден қадағалайтын «Казавиалесоохрана» акционерлік қоғамының 3 авиатобы жұмыс істейді. Облыс аумағын жерден қадағалау үшін 198 адамнан тұратын 56 жедел топ құрылды.

Оның құрамында Ақмола облыстық төтенше жағдайлар департаментінің, облыстық табиғи ресурстары және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының, жергілікті полицияның және облыстық аумақтық орман шаруашылығы және жануарлар әлемі инспекциясының өкілдері бар. Олар 657 рейдтік шара өткізіп, тәртіп бұзған 108 адамды әкімшілік жауапкершілікке тартты,– деген мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы өрт қауіпсіздігі ережесін сақтау қажеттігін айтты.

Рамазан ТІЛЕУОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Суретті түсірген Советбек МАҒЗҰМОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар