Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жылу, ауыз су және жарық мәселесі шешімін тапты - АРҚА АЖАРЫ

Жылу, ауыз су және жарық мәселесі шешімін тапты

Көп жылдардан бері Балкашин селосының дәл ортасында орналасқан көппәтерлі жер үйдің тұрғындары пешті пайдаланып келді. Бұл өрт қаупін тудыратын. Тұрғындар осы 11 пәтерлік тұрғын үй жылумен қамтамасыз ету жүйесіне қашан қосылатыны жөнінде аудан әкіміне сауал жолдаған еді.

Осы мақсатқа биылғы жылы облыстық бюджет қаржысынан 155,1 миллион теңге бөлінді. Оның 75 миллион теңгесі блоктік-модульдік бу қазандығын орнатуға және 80 миллион теңгесі жылу жүйесі құрылысына бағытталады. Осы жобаға сәйкес, жылу беру жүйесіне 11 пәтерлік тұрғын үй қосылады. Бүгінгі күні бу қазандығын орнатуда мердігер ұйымды анықтау бо-йынша конкурс үрдісі жүргізілуде. Ал, жылу құбыры жүйесінің құрылысын «Гемакасес» серіктестігі жүргізетін болды.

Аталмыш аудандағы Новоромановка селосының тұрғындары ауызсу мәселесін жиі көтеретін. Мұнда сумен қамтамасыз ету жүйесі болмағандықтан, тұрғындар ауыз суды алыстағы скважинадан тасымалдауға мәжбүр болды. Биылғы жылы бұл мәселе оң шешімін тапты. Бүгінгі күні «Байсын» серіктестігі өз қаржысы есебінен су құбырының құрылыс жұмысын бастады. Бұған дейін Хуторок селосының көшелері түнде қап-қараңғы болатын. Алдағы уақытта аталмыш селоның 15 көшесіне шамдар орнатылады. Бұл жұмысты «Қуат-Энерго» серіктестігі қолына алды.

Рамазан ТІЛЕУОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.
Сандықтау ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар