Медицина қызметкерлері күні қарсаңында өткен шарада аудан әкімі Бақытбек Оспанбеков жергілікті меценаттармен «Тәуелсіздікке тағзым» атты кездесуінде арнайы көліктің кілтін амбулатория басшысына табыстады, деп хабарлайды облыстық ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.
Жергілікті кәсіпкер «Айртас» ЖШС-нің директоры Бақытжан Нұрақышев ауылға деген сыйлықты жоғары бағалады. Сондай-ақ, меценат мультимедиялық кабинет пен ауыл мектебіне арналған робототехника кабинетін сатып әперді.
Аудан басшысы меценаттарға қайырымдылық және әлеуметтік маңызы бар іс-шараларды іске асыруға белсенді қатысқаны үшін алғыс білдірді.
«Сіздердің бастамаларыңыздың арқасында бірқатар мәдени және әлеуметтік нысандарды қалпынан келтіру және жаңасын салу бойынша 60-тан жоба жүзеге асырылды. Сіз азаматтық ұстанымыңыздың арқасында жастарға өз еліне деген сүйіспеншілік, мақтаныш пен адалдықтың үлгісін көрсетіп, патриотизмге тәрбиелеуде үлес қосудасыз», – деп атап өтті Бақытбек Оспанбеков.
Айталық, биылғы жылы ауданның ауыл шаруашылығы құрылымдарының басшылары Иван Сауэр, Марс Итпаев, Тимур Пшенов, Максим Божко, Айтқожа Байжанов, Қанат Теміров сияқты меценаттар өз қаражаттарына бес жедел жәрдем көлігін жергілікті дәрігерлік амбулаторияларға және тағы екі автокөлікті учаскелік полиция инспекторларына сатып әперді.
Шара соңында аудан әкімі кәсіпкерлерге «Жомарт жүрек» және «Туған жер» аталымдары бойынша алғыс хат пен естелік сыйлық табыс етті.