Мемлекеттік қызметшінің абыройы – жүйенің абыройы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік басқаруға, кадр саясатына, шешімдер қабылдау жүйесі мен қабылданған шешімдер үшін жауапкершілікке қатысты тәсілдерді өзгерту бойынша нақты міндет қойды. Мемлекетке жоғары білікті мамандар қажет, ал, кадрларды іріктеудің қолайлы жүйесі мемлекеттік қызметке үздік кандидаттарды қабылдаудың институционалдық негізі ретінде қызмет етеді.

Осыған орай мемлекеттік қызметшілердің жұмысының нәтижелілігін арттыруға бағытталған басқарушылық технологияларды енгізу үлкен мәнге ие болды. Covid-19 пандемиясы және оны тоқтату бойынша қабылданған шаралар мемлекеттік аппарат жұмысының трансформациялануына мықты серпіліс берді.

Көптеген процестер цифрлық форматқа ауысып, сол арқылы қабылданып жатқан шешімдердің тиімділігін арттырып, кадр саясатындағы жаңа бағыттар мен тәсілдерді бекітті. Сонымен қатар, цифрлық құралдардың енуі мемлекеттік қызметтерді ұсынудың жаңа, операциялық бизнес-моделін құруға, дәстүрлі тәсілдерден әлдеқайда дамыған тәсілдерге ауысуға, қызмет алушыларға қолайлы болу үшін толыққанды цифрлық сервис-терге өтуге мүмкіндік берді.

Бүгінгі таңда мемлекеттік қызмет, нақтырақ айтқанда ондағы іске асырылып жатқан кадр саясаты әлдеқайда бейімделгіш, ұтқыр және әлдеқайда бәсекеге қабілетті деңгейге көтерілді. Кадрларды іріктеу саясаты жаңартылды. Мемлекеттік қызметтің меритократия қағидатына негізделген мансаптық моделі сәтті іске асырылып келеді. Тәлімгерлік пен тағылымдама сияқты институттар өздерінің нәтижелілігін көрсетті.

Бүгінгі таңда облысымыздың мемлекеттік органдарында бес мыңнан астам мемлекеттік қызметші еңбек етуде. Олардың сапалық құрамы жылдан жылға артып келеді, 88 проценті жоғары кәсіби білімге, соның ішінде 17 проценті екі немесе одан артық жоғары білімге ие, олардың қатарында ғылым кандидаттары, «Болашақ» бағдарламасының, Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының түлектері, жоғары білімнен кейінгі және шетелдік білімге ие тұлғалар бар.

Кадрлардың ауыспалылығын төмендету бойынша оң үрдіс жалғасуда. Қазіргі уақытта мемлекеттік қызмет жүйесінен кеткендердің саны 0,95 проценттен аспайды. Лауазымдағы жұмыс істеудің орташа өтілі 4 жылды құрап, бұл мемлекеттік аппараттың тұрақтылығының нақты көрсеткіші болып табылады. Жастарды мемлекеттік қызметке тарту бойынша атқарылып жатқан жұмыстар өзінің оң нәтижесін беруде. Қызметшілердің 18 проценті –29 жасқа дейінгі жастар.

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын ілгерілету шеңберінде мемлекеттік қызметке түсу және оны өткеру, мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша азаматтардың өтініштерін жедел әрі сапалы қарауға ерекше назар аударылады. Облыстың мемлекеттік органдарының мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасы бойынша жұмысы өткен жылдың қорытындысы бойынша жоғары бағаға ие болды. Қоғамдық мониторинг көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың жоғары қанағаттану деңгейін көрсетті. Білікті кадрларды даярлау мемлекеттік басқару саласы үшін әрдайым өзекті міндет болып қала береді. Заңнамаға сәйкес мемлекеттік қызметшілер үнемі қайта даярлаудан, біліктілікті арттыру курстарынан өтеді. Бүгінгі таңда әрбір мемлекеттік қызметші өзінің біліктілігі, құзыреті, қабілеттері, жетістіктері және өз лауазымдық міндеттерін адал орындауы есебінен мансаптық ілгерілеу мүмкіндігіне ие.

Мемлекеттік қызметтің беделін арттыру, мемлекеттік басқарудың озық тәжірибесін тарату, мемлекеттік қызметшілерді айқындау және көтермелеу мақсатында облыстық «Үздік мемлекеттік қызметші» байқауы, сонымен қатар мемлекеттік қызметшілердің балалары арасындағы облыстық «Менің ата-анам мемлекеттік қызметші» суреттер байқауы өткізілді.

Кәсіби мереке қарсаңында өңірдегі мемлекеттік қызметтің қалыптасу тұғырында тұрған, көптеген білікті кадрларды тәрбиелеп шығарған М.Қ. Құлмағамбетов, В.Ф. Козинская, Ш.Б. Батырханов, Н.А. Политкин, Ғ.Төлеғұл, П.С. Трищ, Г.П. Ильяшенко, Т.Н. Тарада сияқты мемлекеттік қызмет ардагерлерін ерекше атап өткім келеді. Заманауи мемлекеттік қызметтің көптеген трендтері дәл осы біздің облыста туындаған. Ең алдымен, ол жастармен бірлесіп жұмыс істеу, тәлімгерліктің өркендеуі, кадрлық қызметті әдістемелік басқару. Ардақты ардагерлеріміз облысымыздың қоғамдық өміріне белсенді араласып, өздерінің өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, мемлекетімізге адал қызмет етуге үйретуде.

Заманауи Қазақстанның мемлекеттік аппараты қоғамның сұраныстарын тиімді қанағаттандырып, әрбір азаматтың өмірін жақсартуға ықпал етуге талпынуда. Бұл үшін мемлекеттік қызметшілер жоғары моральдық қасиеттерге, басқарушылық талантқа және мықты сенімге ие болуы, халыққа адал қызмет етуі, ыждаһатты және сындарлы болуы, өздеріне міндеттемелер мен жауапкершіліктерді алуға дайын, әділ, тәртіпті, адал болуы тиіс.

Құрметті мемлекеттік қызметшілер, әріптестер! Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Мемлекеттік қызметші күнімен құттықтаймын! Өздеріңізге және жақындарыңызға мықты денсаулық, бақ-береке және еліміздің игілігіне жасаған барлық бастамаларыңызға сәттілік тілеймін!

Берген БЕСПАЛИНОВ,
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Ақмола облысы
бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар