Ақмола облысында пікір-сайыс турнирінің жеңімпаздары анықталды

2021 жылдың 17-18 маусым күндері Ақмола облысының білім басқармасы, «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығымен бірлесіп ZOOM платформасы арқылы мектеп оқушылары арасында облыстық онлайн пікір-сайыс турнирін қазақша, орысша және ағылшын тілдерінде өткізді.

Турнирдің басты мақсаты – Қазақстандық қауымда орын алатын өзекті мәселелерді қоғамдық талдау және талқылау арқылы облыс шәкірттерінің әлеуметтік және шығармашылық белсенділігін арттырып, нақты мәселелерді шешу жолдары мен механизмдерін қарастыру.

Пікірсайыс додасына облысымыздың Целиноград, Аршалы, Астрахан, Ерейментау, Ақкөл, Сандықтау, Бурабай, Біржан сал, Жақсы, Жарқайың, Зеренді, Шортанды аудандарынан және Степногорск, Көкшетау қалаларынан және облыстық мектеп-интернаттарынан барлығы 60 оқушыны қамтыған 32 топ өз бағын сынаған болатын. Қатысушылар әр түрлі тақырыпта сөз қозғап, өзерінің шешендіктерін көрсеткен болатын.

Турнирдің қорытындысы бойынша қазақ лигасында:
1 орын – «Жалын» командасы, Сағайқызы Дильназ, Турсымуратова Айда, Степногорск қаласы, «Болашақ» ДБАОММИ; 2 орын – «Жас ұлан» командасы, Сағат Жангир, Қабдолла Жанайым, Степногорск қаласы, «Болашақ» ДБАОММИ; 3 орын – «Шың» командасы, Ахметжанова Диана, Дукенбаева Томирис, Бурабай ауданы иеленді.

Қабдолла Жанайым «Үздік спикер» атанды.
Орыс лигасының қорытындысы бойынша:
1 орын – «Простодушные» командасы, Заруцкая Александра, Бритош Нелиса, Көкшетау қаласы; 2 орын – «Bolashaq saraiy» командасы, Жакимова Гаухар, Мербахыт Ансар, Көкшетау қаласы, «Bolashaq saraiy»; 3 орын – «Дала қырандары» командасы, Дүйсекова Саяхан, Қасым Алина, Ақкөл ауданы иеленді.
«Үздік спикер» болып Заруцкая Александра атанды.

Ағылшын лигасының қорытындысы бойынша:
1 орын – «Aurora» командасы, Сагадат Адиль, Шинкарецкая Александра, Степногорск қаласы; 2 орын – «Легион» командасы, Мынбаев Алдияр, Қазымов Али, Көкшетау қаласы, «Білім – инновация» лицей-интернаты; 3 орын – «Triumf» командасы, Шейнова Полина, Гитляин Максим, Бурабай ауданы иеленді.
«Үздік спикер» – Сагадат Адиль.

Жеңімпаздар Ақмола облысы білім басқармасының дипломдарымен және сыйлықтарымен марапатталады. Жеңімпаздардың жетекшілеріне алғыс хаттар, қатысушыларға сертификаттар табысталады.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар