Бастауыш сынып оқушылары үшін “Бастау” XIV республикалық математикалық турнирі Республикалық физика-математика мектебінің базасында 2021 жылғы 15-19 маусым аралығында онлайн режимінде өтті.
Турнир дарынды балаларды анықтауға, дамытуға және қолдауға, оқушылардың математикадан білімдерін тереңдетуге және кеңейтуге бағытталған.
Ақмола облысының намысын 3 оқушыдан тұратын екі команда қорғады:
1 команда – Көкшетау қаласы, әл-Фараби атындағы ІТ лицейінің оқушылары: 2 сынып оқушысы Серік Амина, 3 сынып оқушысы Әмірхан Нұрай, 4 сынып оқушысы Рахадин Әділжан;
2 команда – Көкшетау қаласы, №17 орта мектеп-гимназиясының оқушылары 2 сынып оқушысы Белоусов Максим, 3 сынып оқушысы Тіржан Жалғас, 4 сынып оқушысы Бочкарев Эммануил қатысты.
Турнир қорытындысы бойынша жеке сынақ турынан ІІІ дәрежелі дипломмен Белоусов Максим – – Көкшетау қаласы №17 орта мектеп-гимназиясының 2 сынып оқушысы марапатталды.
Сонымен қатар грамотамен 4 оқушы марапатталды: Әмірхан Нұрай – Көкшетау қаласы, әл-Фараби атындағы ІТ лицейінің 3 сынып оқушысы; Рахадин Әділжан – Көкшетау қаласы, әл-Фараби атындағы ІТ лицейінің 4 сынып оқушысы; Тіржан Жалғас – Көкшетау қаласы №17 орта мектеп-гимназиясының 3 сынып оқушысы; Бочкарев Эммануил – Көкшетау қаласы №17 орта мектеп-гимназиясының 4 сынып оқушысы.
Командалық есепте Көкшетау қаласы әл-Фараби атындағы ІТ лицейінің оқушылары 3 орынға ие болды.
Айта кетейік, олимпиадаға Қазақстанның барлық облыстарынан, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларынан және «Назарбаев Зияткерлік мектептерінен», республикалық физика-математикалық мектептерінен, сондай-ақ жеке білім ұйымдарының республикалық қауымдастық мектептерінен 2-4-сынып оқушылары арасында 144 қатысушы бәсекеге түсіп, 48 команда бақтарын сынады.