Ақмола облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, Степногор қаласында «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕАҚ филиалының Халыққа қызмет көрсету орталығына баруға тырысқан ASHYQ қосымшасында «қызыл» мәртебесі бар азамат анықталды.
Азамат карантинді сақтап, 2 апта үйде болуы керек, бірақ оның орнына ол басқаларға коронавирус жұқтыру қаупін тудыратын қоғамдық орынға барды.
Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдары тәртіп бұзушыға әкімшілік айыппұл салды. Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 452-ші бабына сәйкес айыппұл соммасы 87 510 теңгені құрайды.