Әлемде COVID-19 індетіне шалдыққандар саны 179 миллионнан асты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Джонс Хопкинс университеті сайтындағы соңғы мәліметке сәйкес, әлем елдерінде коронавирус барлығы 179 млн 928 мың 730 адамнан анықталды.
Оның ішінде вирустан қайтыс болғандар саны – 3 млн 898 мың 531 науқасты құрады. Коронавирус ең көп тараған елдердің алғашқы бестігінде: АҚШ, Үндістан, Бразилия, Франция, Түркия орналасқан.
Дереккөз: www.inform.kz
Дереккөз: www.inform.kz