Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ұлы Дала тарихының тағылымды сыры - АРҚА АЖАРЫ

Ұлы Дала тарихының тағылымды сыры

Көкшетаудағы «Bolashaq» сарайында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Ұлы Дала тарихына тағзым!» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция болып өтті. Конференция жұмысына Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев, Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің директоры Арыстанбек Мұхамедияұлы, тарих ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасының әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі Жамбыл Артықбаев, Қазақстандық суретші реставратор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қырым Алтынбеков, Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Айболат Көшкімбаев пен осы оқу орнының археология және этнология кафедрасының аға оқытушысы Данияр Тілеуқабылов, сондай-ақ онлайн режимде бірқатар отандық және шетелдік тарихшы-ғалымдар қатысып, егемендік жылдары еліміздің ұлттық тарихты, мәдени мұраны зерделеудегі жетістігі жайлы кеңінен ой бөлісті.

Елбасы – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында «Қазақстан күллі түркі халқының қасиетті қара шаңырағы деп атап көрсетілген болатын. Кешегі өткен түркі қауымдастығының басқосуы іспетті бұл халықаралық конференция «Bolashaq» сарайының фоесінде орналастырылған «Ақмола облысының киелі орындары» көрмесі мен тақырыптық бейнероликті тамашалаудан басталды.

Одан кейін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаевтың тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында «Ұлы Дала тарихына тағзым!» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы қатысушыларына арнайы жолдаған құттықтау хаты оқылды. «Арқаның төрінде, киелі Көкше өңірінде көпшілікке белгілі тарихшылар мен этнографтардың, археологтар мен мәдениет қайраткерлерінің басын қосып отырған бұл іс-шараның маңызы зор. Тарихты түгендеу, болашаққа батыл көз тігіп, ұлы мақсат жолында ұйысқан ұлттың ізі біз өткені бай, келешегі кемел халықпыз. Тәуелсіз Қазақстан ұлы дала төсінде дәуірлеген қуатты мемлекеттердің бүгінгі ізбасары. Егемендігімізді сақтап, одан әрі нығайту үшін кешегі күннен сабақтастығымыз үзілмеуі тиіс. Осы ретте, Елбасы – Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында көпқырлы, әрі ауқымды тарихымызды дұрыс түсініп, терең пайымдау қажеттігін айтса, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласында ұлт шежіресін ұлттық мүдде тұрғысынан жазу керек екеніне баса назар аударды» деп жазылған құттықтау хат конференцияның мазмұнын аша түскендей болды.

Конференция модераторы Баку халықаралық мультикультурализм орталығының кеңесшісі Тофик Мохсен оглу Аббасов өзінің алғы сөзінде түркі халықтарының өткені ұлы екенін, бүгіні де одан кем түспейтінін ерекше атап өтіп, түркі қауымдастығының алдында қазіргі заман талабына сай туындап отырған маңызды міндеттерге тоқталып өтті.

–Шындығында түркі сөзінің ауқымы кең. Ол тек бір ұлттың ғана атауы емес, бірнеше мемлекетті біріктіретін, халықтың шыққан тегін білдіретін тарихы терең ұғым. Біздің өткеніміз ортақ, тарихи-мәдени кодымыз бір. Мұны білу қайда және кіммен бара жатқанымызды түсіну үшін қажет. Әлбетте, соңғы отыз жыл түркі халықтары үшін айтулы оқиғаларға толы болды. Егемендікті алғаннан кейін келешектің қамы үшін тарихты зерделеуге, өткенімізді саралауға бет бұрдық. Бүгінде түркі қауымдастығы кеңейіп келеді, – деді Тофик Мохсен оглы Аббасов.

Бұл конференцияның киелі Көкше топырындағы өткізілуі тегін емес. Неге десеңіздер, Көкшетау Қазақстанның мәдени астанасы болып жарияланып, жыл бойы еліміздің барлық мәдениет ордалары қаламызға келіп, қазақстандық өнерді насихаттайды деп келісілген болатын. Конференция қатысушыларының алдында сөз алған Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев мәдени жобаның үлкен бір бөлігі ретінде халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізілуі өңіріміз үшін үлкен абырой және жауапкершілік екенін атап өтті.

–Халқымыздың тарихы өз бастауын Қазақстан аумағын мекендеген сонау палео-лит дәуіріндегі қауымдастықтардан алады. Біз Атбасар неолит мәдениетінің, жылқыны алғаш қолға үйреткен ботайлықтар мен андронов мәдениетінің тікелей ұрпақтарымыз, – деді Ермек Боранбайұлы. – Ұлы қытай қорғанынан бастап Рейн өзеніне дейін бірнеше мемлекет құрған түркі тектес ғұн тайпалары баршаға таныс. Ұлы Дала тарихында жерімізге Түркістан атын берген Ұлы түрік қағанатының орны ерекше. Хазарлар мен түргештердің, қарлұқтар мен қарахандардың, оғыздар мен қыпшақтардың мұрасы туған тарихымызда өшпес із қалдырды. Былтыр ғана біз Орталық Азияда түрік этностары құрған Алтын Орданың 750 жылдығын атап өттік. Қазақ даласын қорғаған атақты Бөгенбай, Олжабай батырлар, Үмбетей жырау, Саққұлақ бидің кесенелері сақталып қалды.

2018 жылдан бастап, белгілі өлкетанушы, қоғам қайраткері Мұрат қажы Ыдырысұлының бастамасымен «Абылай ханның қара жолы» экспедициясы ұйымдастырылып келеді. Бірінші экспедиция Бурабай – Түркістан бағыты бойынша Абылай ханның тұлғасымен байланысты тарихи жерлерді зерттеді. Екінші сапар Көкше жерінен ұлы ойшыл әл-Фарабидің туған мекені – Отырар қаласына дейін ежелгі керуен жолымен өтті. Биылғы экспедиция Шығыс Қазақстанға Абай атамыздың туған жері мен Қазақ хандығының шайқастары өткен тарихи орындарға сапар шегеді. Өз баяндамасында осы жайларды кеңінен атап өткен өңір басшысы осынау конференция ғаламдық тарихтағы Ұлы даланың орнына жаңаша көзқараспен қарауға мүмкіндік беретініне сенім білдірді.

Бұл күні Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің директоры Арыстанбек Мұхамедияұлы егемендік жылдары еліміздің ұлттық тарихты, мәдени мұраны зерделеудегі жетістігі жайлы толымды баяндама жасаса, конференция жұмысына онлайн режимде қатысқан «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы, Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі ұлы империя болған Түркі қағанаты мұрасының зерттелуі туралы айтып берді. Кембридж университетінің ғалымы Ребекка Робертс, БиБиСи телеарнасының ТМД мен Орталық Азия елдері коммерциялық өкілдіктерінің басшысы Сергей Становкин, Кембридж университетінің археологы, жазушыаудармашы Джоанна Добсон да өз ойларын онлайн режимде ортаға салды. Осылайша отандық және шетел ғалымдарының басын қосқан бұл конференция тамыры терең тарихымызды одан әрі байыптап тануға жол ашатыны, жиында айтылған парасатты пайымдар мен құнды пікірлер қазақстандық ғылымның дамуына үлес қосары анық.

Венера ТАЛҒАТҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.
Суретті түсірген Айбек ДАНИЯРОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар