Шектеу шаралары қайта қатаңдатылады

Өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айнагүл Мусина өңіріміздегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың тұрақсыздығына байланысты облысымызда карантиндік шектеу шараларын қатаңдату туралы қаулысы жөнінде хабарлама жасады.

COVID-19 коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Сондай-ақ, Нұр-Сұлтан қаласында «Дельта» («Үнді») штаммына тән COVID-19 мутациясының анықталуына байланысты өңірімізде бас санитарлық дәрігердің «Ақмола облысының аумағында шектеу іс-шараларын жүргізуді қамтамасыз ету» деген арнайы қаулысы шығарылып, ол 2021 жылдың 3 шілдесінде сағат 00.00-ден бастап күшіне енетін болады.

Қаулыға сәйкес, облыс аумағында шаруашылық және өзге де қызмет пен халықтың өмір сүруінің ерекше жағдайларын эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін қатаң шектеу шаралары қарастырылған. Жеке және заңды тұлғалар қорғаныш құралдарын, яғни, бір рет және бірнеше рет қолданылатын бетперделерді қолдануда оның алгоритмін және кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтауды қамтамасыз етуі қажет. Қаулыда отбасылық шаралар, оның ішінде үйлену тойы, мерейтой, дұға және көпшілік жиналатын өзге де іс-шараларды қоғамдық тамақтану объектілерінде және үйде өткізуге тыйым салыну қарастырылған.
Ойын-сауық орындары мен саябақтарға, алаңдарға, скверлерге және өзге де демалыс орындарына барғанда 3 адамнан артық топталып жүрмеу немесе бір отбасы мүшелеріне әлеуметтік қашықтықты қатаң сақтай отырып, баруға рұқсат беріледі.

Ал, жерлеу іс-шараларын жүргізу кезінде кемінде 2 метр қашықтықты сақтай отырып, оның ішінде отбасы мүшелері мен 30 адамнан артық жиналуға рұқсат етілмейді. Сонымен қатар, аудандар мен Көкшетау, Степногорск қалаларының әкімдері, «Атамекен» кәсіпкерлік палатасы дайындық актілерін алғаннан кейін объектілердің қызметін жандандыруы тиіс. Оған қоса, шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантин енгізілген кезде объектілердің жұмысына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптармен танысу үшін InfoKazakhstan.kz сайтында халықты, жеке және заңды тұлғаларды хабардар етулері қажет. Ойын-сауық мекемелері (түнгі, ойын клубтар және басқа да), букмекер кеңселерінің және ересектер мен балаларға арналған өзге де ойын-сауық, кальян орындарының (оның ішінде қоғамдық тамақтану объектілеріндегі) қызметіне тыйым салынады. Мерекелік корпоративтерді ұйымдастыруға, көрме өткізуге ашық ауада марафон өткізуге тыйым салынады. Тұрақты емес облысаралық (туристік тасымал) қозғалысын және тұрақты емес облысаралық, қалааралық (шағын автобустар) қозғалысын тоқтата тұру керек.

«Ashyq» жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда, балаларға ойын-сауық орталықтарының (ойын алаңдары, жабық үй-жайлардағы аттракциондар) қызметін тоқтату қажет. Мәселен, бильярд, караоке, компьютерлік клубтар, банкет залдарының, боулинг клубтарының, мәдениет объектілерінің, кинотеатр, театр, концерт залдары, филармония қызметін тоқтату керек. Сондай-ақ, қала маңындағы жолаушылар поездарының, жалпы жолау-шылар поездарының қозғалысына, 30 пайыздан артық емес балалар сауықтыру ұйымдары қызметіне ғана рұқсат беріледі. Онда да ҚР БМСД №68 қаулысының 3-қосымшасына сәйкес алгоритмді сақтай отырып, қашықтықтан өткізу мүмкіндігі болмаған кездегі кеңестерді (отырыс) бетпе-бет режимде өткізуге рұқсат беріледі. №67 ҚР БМСДҚ талаптары сақталған мемлекеттік органдар (ұйымдар мен кәсіпорындар), квазимемлекеттік сектор органдары, ұлттық компаниялар, өзге де ұйымдар, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілері қызметіне рұқсат беріледі.

Бұл ретте, штаттық кестеде 20 адамнан артық қызметкер болғанда, қызметкерлердің кемінде 80 пайызы қашықтықтан жұмыс атқаруға тиіс. COVID-19-ға қарсы толық вакцинация курсын алған және соңғы 6 айда COVID-19 ауруына шалдыққан барлық қызметкерлерге мекемеде жұмыс атқаруға рұқсат беріледі. Сондай-ақ, спортшылар мен жаттықтырушылар құрамы COVID-19-ға қарсы толық вакцинация курсын алғаны туралы құжат түрінде расталған жағдайда, облыстық команда дайындау үшін оқу-жаттығуларын жандандыруға рұқсат беріледі. Жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, сенбі күндері сағат 9.00-ден 14.00-ге дейін шектей отырып, онлайн форматта барынша қызмет көрсете отырып, «Қазпошта» АҚ, халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысына рұқсат беріледі. Қаулы талаптары сақтала отырып, қоғамдық көліктің жұмыс істеуіне, әсіресе, қарбалас сәтте автобус санын ұлғайту арқылы адамдарды отыратын орын саны бойынша отырғызуға ғана рұқсат беріледі.

Қазақстан Республикасының және Ақмола облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қолданыстағы қаулыларының талаптарын орындау қатаң сақталуы тиіс. Осылайша қаулы барлық мүдделі ведомстволардың назарына жеткізіліп, халыққа бұқаралық ақпарат және әлеуметтік желілер арқылы хабардар етіліп, ағымдағы жылдың
3 шілдесі күні сағат 00.00-ден бастап күшіне енгізіледі. Бұл өңіріміздегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануына септігін тигізері даусыз.

Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар