Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Малдың тоқтығы – азығынан - АРҚА АЖАРЫ

Малдың тоқтығы – азығынан

сондықтан шөп шауып, жинау науқанын ұйымшылдықпен өткізейік

Биыл жаз әдеттегіден ыстық болып тұр. Еліміздің батыс аймақтарында құрғақшылықтан шөп болмай, мал шығыны орын алып жатқаны туралы БАҚ айтып, жазуда. Осы орайда, біздің облысымыздағы шөп шабу науқаны биыл қалай өтпек деген мәселе төңірегінде облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына хабарласқан еді.

Бізге осы жағдайдың жай-жапсары жөнінде Ақмола облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Еркеш Әленов айтып берді.
– Өткен қыс айларында қардың қалың түскені белгілі. Осының арқасында жерде ылғал мол болды. Бүгінгі күні шығып жатқан шөптің буыны қатқан жоқ. Жаңбыр болса, шөптің шығымы жаман болмайды деген ойдамыз. Шөп шабу науқаны шілде айының орта кезінде бас-талады. Алдымен, бұл науқанға далалы аймақ болып саналатын Жарқайың, Есіл, Жақсы, Атбасар, Қорғалжын, Егіндікөл, Ерейментау аудандары, кейін орманды далалы аймаққа жататын Зеренді, Ақкөл, Бұланды, Бурабай, Біржан сал аудандары кіріседі. Қазір пішеншілер шөп шабатын техникаларын жөндеп жатыр. Қазір ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері арамшөпке және зиянкестерге қарсы химиялық өңдеу, пар жырту жұмысымен айналысуда,–деген басқарма басшысының орынбасары 1080,8 мың гектар алқапқа егілген дәнді дақылдарға химиялық өңдеу жүргізілгенін айтты. Сондай-ақ, биыл зиян кестерге қарсы 34047 мың гектар жерге химиялық өңдеу жүргізу жоспарланған екен. Қазір бұл жұмыстың 16,3 пайызы орындалыпты.

Рамазан ТІЛЕУОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар