Канадада 49 градус ыстық: Жүзден аса адам көз жұмды

Канаданың батыс бөлігінде бұрын-соңды болмаған ыстықтың салдарынан жүздеген адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС агенттігіне сілтеме жасап.
Ауа температурасы Британдық Колумбия провинциясында төрт күн бойы көтеріліп, сейсенбі күні қалалардың бірінде Цельсий бойынша 49,5 градусқа жеткен. Ванкувердің (провинцияның ірі қаласы) өзінде жұмадан бастап жылу соққысының салдарынан 130 өлім тіркелген.
Көз жұмғандардың басым бөлігі – егде жастағы және созылмалы ауруы бар адамдар. Канададағы бұрын-соңды болмаған ыстық ауа температурасы +46°С-тан асып, 80 жылдық рекорд орнатты. Соңғы рет мұндай ыстық 1937 жылы Саскачеван провинциясында тіркелген.
Бұған дейін АҚШ Ұлттық метеорологиялық қызметі (NWS) Вашингтон мен Орегон штаттарының барлық аумағында, сондай-ақ Калифорния мен Айдахоның көптеген ауданында қатты ыстық болатынын хабарлаған болатын.
Мамандар температураның күрт көтерілуін АҚШ-тың солтүстік-батысы мен Канада бөлігінің үстінде пайда болған жоғары қысымды аймақпен түсіндірді.
Дереккөз: www.inform.kz

 1,396 total views,  50 Views Today

By admin

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Өзге де жаңалықтар