Тараптар татуласты

Дауды шешуде бітімгерлік рәсімдерді белсенді қолдану дау тараптарының құқықтық санасына байланысты болады, олардың дауды  өз уақытын үнемдеп, баламалы тәсілімен шешуге ұмтылуы және өзара одан әрі қатынастарды сақтауы қалыптасады, сондықтан сотқа дейінгі дауларды реттеу, яғни медиацияны дамыту  қазіргі заманғы өркенитетті қоғамның маңызды қажеттілігі болып табылады.

Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында  қаралған азаматтық істердің көпшілігі  бітімгершілікпен аяқталып жатыр. Жыл басынын бері 87 іс медиация бойынша аяқталған екен, 17 бітімгершілік келісім болды, 2 іс партисипативті рәсіммен аяқталды.

Осы аталған істерді қарау негізінде тараптардың татуласуына байланысты  қайтаруға жататын мемлекеттік баж сомасы 29 240 107  теңгені құрады.

Ақмола облыстық мамандандырылған экономикалық ауданаралық соты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар