Бұл республика бойынша ең жоғары көрсеткіш.
Аймақтағы барлық әкімдердің 40 процентке жуығы жаңарады. Олардың 8-і аудандық деңгейдегі қала әкімі, қалғаны ауылдық округтер әкімі. Әзірге 42 кандидат қана тіркелген. 29-ы саяси партиялардан болса, 13-і өзін өзі ұсынған. Бірақ алда екі аптадан астам уақыт бар. Сондықтан кандидаттар әлі де көбейеді дейді облыстық сайлау комиссиясының өкілдері. Саяси науқан 200-ден астам елдімекенде өтеді. Оларда 100 мыңға жуық халық тұрады. Қазір облыста сайлауға қызу дайындық жүріп жатыр. Комиссия мүшелері арнайы оқытудан өтіп, учаскелер әзірленді.
Манарбек Сәдуов, облыстық сайлау комиссиясының төрағасы:
– Пандемияға байланысты жаңа қаулы қабылданды. Барлық учаскелік комиссия мүшелері вакцина алып жатыр. Денсаулығына байланысты екпе алмайтын болса, ол кісінің міндетті түрде ПЦР анықтамасы болуы керек. Оны тағы қарастырып жатырмыз.
Источник: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/483820-sajlau-2021-a-mola-oblysynda-95-kim-auysady