Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Тұрғындарды жайылымдық жер тапшылығы толғандырады - АРҚА АЖАРЫ

Тұрғындарды жайылымдық жер тапшылығы толғандырады

Қарапайым халық үшін жайылымдық жер тапшылығы 32 миллион  гектардан асады. Салалық ведомство өз жұмыстарының дұрыс орындалып жатқанын мәлімдегенімен, азаматтар мал жаюға арналған жерлердің тапшылығына шағымдануда. Бұл мәселені Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Асқарбек Үйсімбаевтың «Nur Otan» партиясы Ақмола облыстық филиалындағы қоғамдық қабылдауына жазылған ақмолалықтар көтерді.

Зеренді ауданы Өзен ауылының тұрғыны Ашат Даргер ауылда тұрғанымен, малын жаюға қиналатынын жеткізді. Ол кезінде мал шаруашылығын дамыту мақсатында несие алған. Былтыр ауылдағы бір серіктестіктің жерді өңдеуден өткізгеннен кейін 9 қара малы уланып өліпті. Оның өтеуін ала алмай жүр екен. Себебі, дер кезінде арызданып, сотқа жүгінбеген.

Айта кетейік, арызданушы ресми түрде ауылшаруашылық мақсатындағы жер иеленуші ретінде де тіркелмеген. Тіпті, аудан әкімдігіне бұл мақсатта өтініш жасамаған болып шықты. Десе де, Мәжіліс депутаты бұл мәселені қабылдауға арнайы шақырылған сала мамандарына зерттеп, зерделеуді тапсырды. Халық қалаулысы «Nur Otan» партиясының облыстық өкілдерімен бірге бұл мәселені өз бақылауына алды.

Асқарбек Үйсімбаев жайылымдық жерге қатысты бірқатар мәселелердің оңтайлы шешілгенін мәлімдеді. Мәселен, жайылымдық жері аз тұрғындар бұдан былай малын орманды алқаптарда да жая алады. Зеренділік азаматша Мәжіліс депутатына зейнетке шығу жасын ұлғайту мәселесін қайта қарауларын өтінді. Көкшетаулық зейнеткер С.Жақияновқа үйінің жанындағы жер 3 жылға тегін жалға берілген болатын. Өз міндетін тиянақты, жауапкершілікпен орындаса да оған енді жалға алу мерзімін ұзартуға рұқсат берілмей отыр. Зейнеткердің бұл мәселесінің оңтайлы шешілуін Мәжіліс депутаты өз қадағалауына алды. Қабылдауға арнайы шақырылған сала мамандары бұл сұрақты жан-жақты зерделеуге уәде берді.

Көкшетаулық В.Склярова қала шетінде тұрып, мал ұстайды. Алайда, малын жаятын жайылымдық жер тапшы. –Кезінде көршілермен қосылып, 200 бас малды еркін бағатын едік,– дейді ол. Ал, енді 20 бас ірі қараны жаюға қиналамыз деген жанайқайын жеткізді. Себебі, арызданушының өзі жұмыссыз, бала-шағасын осы малдың арқасында бағып-қағып отырған көрінеді. Халық қалаулысы, тұрғындардың жайылымдық жер мәселесін міндетті түрде шешетінін жеткізді. «Nur Otan» партиясы да бұл мәселені өз бақылауына алды.  «Біздің құқық» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі В.Шуль Мәжіліс депутатына «Мемлекеттік сатып алу» Заңына өзгерістер енгізу қажет деген өтінішімен келген. Себебі, жарияланған байқауларға өзге өңірлер еніп, жергілікті кәсіпкерлердің жолын кеседі, – дейді ол. Халық қалаулысы бұл мәселені Парламентте көтеруге уәде етті.

Бибінұр ӘМІРХАНҚЫЗЫ,

«Nur Otan» партиясы облыстық филиалының баспасөз хатшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар