Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Тәуелсіздік және ұлт тарихы - АРҚА АЖАРЫ

Тәуелсіздік және ұлт тарихы

1991 жылы  16 желтоқсанда Алматы қаласында Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі «Қазақстан Рес­пуб­­ликасының Мемлекеттік тәуел­сіздігі туралы» заң қабыл­да­ды. Бұл – еліміз бен хал­­қы­­мыз­­дың болашақ дамуын, ер­тең­гі тағ­дырын анықтаған аса ма­ңыз­ды, тарихи құжат. Осы құжаттың қабыл­дан­ған күні елімізде жыл сайын ең бас­ты мемлекеттік мейрам – Тәуел­сіздік күні ретінде аталып келеді. Еліміздің тәуелсіздігін жариялап, өз тағдырын өз қолына алуы, бір жағынан зор мақтаныш, қуаныш болса, екінші жағынан, үлкен тарихи жауапкершілік. Отыз жыл ішінде Қазақ елі осы бір маңызды жауапкершілікті сезіне отырып, болашаққа нық сеніммен қарады, өзінің ұлттық әлеуетіне толық сенді.

Артта қалған үш онжылдық кезең­ге бүгіннің биігінен қарайтын бол­сақ, еліміз үшін өте сындарлы және айтулы кезеңдер екені анық. Тәуел­­сіз­дігіміздің алғашқы жылдары әртүр­лі шетелдік басылымдарда еліміз­дің бо­лашағына күмән келтіріп, ерте­ңіне сенімсіздікпен қарайтын мақа­ла­лар шыққаны белгілі. Оларда қазақ хал­қы­ның мемлекеттік дәстүрі болмаған деген ойлардың айтылғанын бәріміз біле­міз. Отыз жылдық тарихымыз ондай теріс пікірлердің бәрін жоққа шығарып, өзі­нің мемлекетшіл ұлт екендігін, мем­лекеттілік тарихының кем дегенде үш мың жылдық шежіресі бар екендігін қазіргі күнде дәлелдеп отыр.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ел Тәуелсіздігінің отыз жылдық мерекесіне байланысты 2021 жылдың қаңтар айын­да «Egemen Qazaqstan» газетінде жа­рия­лаған «Тәуелсіздік бәрінен қым­бат» атты мақаласында «Биыл қас­терлі Тәуел­сіз­дігімізге 30 жыл толады. Бұл – қайта жаңғырған қазақ мемлекетінің, ата-бабаларымыз аңсаған азаттықтың тұғыры нығая түскенін әйгілейтін маңызды белес», деп тебірене жазған еді. Мемлекет бас­шысының «Қайта жаңғырған қазақ мемлекеті» деп отырғаны қазақ халқы­ның ежелгі және орта ғасырларда өз мем­лекеті болып, тарихтың бір кезеңін­де оны жоғалтып алғанын, ал, осыдан отыз жыл бұрын оны қайта құрып, жаң­ғырт­қанын меңзейді. Сондай-ақ «ата-бабалары­мыз аңсаған азаттық» дегені тәуелсіздік үшін күрестердің ел аумағында бір ға­сы­рдай уақыт бойы толастамағанын білдіреді. Одан әрі Мемлекет басшысы отыз жылдық тәуелсіздік дәуі­рін шартты түрде үш он жылдық кезең­ге бөліп, әр он жылдыққа қысқаша тоқта­лып, сипаттамалар береді. Алғашқы он ­жыл­дыққа – «Қазақстанның іргетасын қалау кезеңі», екінші он жылдыққа – «Қазақ елінің керегесін кеңейту», ал, үшінші онжылдыққа – «шаңырағымыз биік­теп, өсіп-өркендеп, мерейлі мемлекетке ай­нал­ған кезең», деп сипаттамалар береді.

Отыз жыл ішіндегі Қазақ елінің қай салада болмасын жеткен жетіс­тіктері орасан зор. Социалистік қаты­настарға негізделген жоспарлы экономикадан нарықтық қатынастарға негіз­делген экономикаға көшу дегеніміз дү­ниежүзілік тарихта бір формациядан екінші бір формацияға көшуді білдіре­ді. Оның қаншама уақытқа созыла­­ты­­ны тарихтан белгілі және оны біз жақ­­сы білеміз. Ал, біздің бұл белесті аз ғана уа­қытта еңсерді. Қазір ел санасында на­рықтық сана орнығып та болды. Эко­номикамен қатар қоғамдық өмірдің барлық саласы да азғантай уақыт ішінде нарықтық қатынастарға бейімделді деуге болады.

Тәуелсіздік жылдары отандық тарих ғылымы да қоғам алдындағы өз міндетін атқарып келеді. Біз төменде отандық тарих ғылымының тәуелсіздік жылдарындағы дамуы мен проблемалары жөнінде сөз айтып, ойларымызды ортаға салмақшымыз.

«Тарихты халық жасайды, ғалым жазады», «Тарихты жасаудан оны жазу қиын» деген қағидалардың расты­ғына отандық тарихтың өзекті бір мә­селелерін қолға алғанда бірден көз жет­кізуге болады. Кеңестік кезеңде отан тарихының мәселелері зерттеліп, том-том академиялық басылымдардың, жеке арнайы зерттеулердің жарыққа шыққаны белгілі. Олардың бәрі белгілі бір теориялық-методология тұрғы­сы­нан жазылды. Ол – маркс­тік-лениндік методология. Жет­піс жылдай осы методологияға сүйен­ген қоғамтанушы мамандар үшін тәуел­сіз­дігіміздің алғашқы жылдары одан бірден арыла қою қандай қиындықтар туғызса, ескінің орнына келген жаңа өркениеттік ұстанымды қабылдай қою да сондай қиындықтар туғызғанын бәріміз білеміз. Соған қарамастан, жаңа ұстанымның тәуелсіздігіміздің алғашқы жылдары толық жеңіске жетуі отандық тарих ғы­лы­мындағы ең үлкен жетістік деуге бола­ды. Екі ұстаным арасында қандай бас­ты айырмашылық бар десеңіз, ол мы­на­да. Бұрынғы методология таптық прин­ципке негізделіп, халықтың бір бөлі­гінің тарихы қарастырылды.

Соның салдарынан қазақ халқының небір асылдары – хандар мен сұлтандарға, билер мен батырларға, ақындар мен шайырларға, дін қайраткерлеріне, XX ғасыр басындағы ұлт қайраткерлеріне отан­дық тарихтан орын берілмеді. Олар­дың тарихи рөлдерін көрсетпек түгілі, есімдерін атауға тыйым салынды. Ал, есім­дері аталған күнде олардың тарихи рөлі таптық көзқарастар тұрғысынан баға­ланып, халыққа жат тұлға деп түсін­ді­рілді. Соның салдарынан, кеңестік кезеңде өсіп-өнген бірнеше буын өкілі қазақ халқының тарихында ерекше орын алатын тарихи тұлғаларымыздың есімдерін білмей, шығармаларымен сусындамай өсіп, қалыптасты. Осындайда, «Өз тарихыңды білмесең, өзгенің тарихына қызығасың» деген қағида еске түседі.

Қоғамтанушы ғалымдар бірден үстем идеологиядан арыла қойған жоқ. Кеңестік биліктің соңғы жылдары Кеңес Одағында қоғамтанушы ғалымдар арасында да тарих мәселесіне байланыс­ты айтыс-тартыстар жүрді. Мұндай тар­тыстар елімізде де жүріп, өткен ғасыр­дың 80-жылдардың соңында бес арыс атанған Алаш қайраткерлерінің ақ­талып, өз халқымен қайта қауышуы үс­тем идеологияның ірі жеңілісі болып санал­ды. Үстем идеологияның орнына жа­ңаша немесе таптық емес көзқарастар келе бастады. 1991 жылы Кеңес Ода­ғы­ның тарих көшінде қалып, оның ор­нын­да Қазақстан Республикасы се­кілді тәуел­сіз елдердің құрылуы маркс­тік-ле­­нин­дік методологияны да құрдымға жіберді.

Сөйтіп, тәуелсіздіктің келуімен қо­ғам­танушы ғалымдар жаңа методология негіздерін іздестіріп, оны қолдана бастады. Ол – өркениеттік ұстанымдар болатын. Өркениет ұғымы философияға, мәдениеттанушыларға жақын болып көрінгенімен оның түбірінде адам, азамат деген ұғымдар тұрды. Ал, ол ұғым халық, ұлт ұғымдарымен байланысты тұр­ғандықтан, өркениеттік ұстаным, көз­­қарас дегеніміз таптық ұстанымға қар­сы халықтық, ұлттық ұстаным, көз­қарас дегенді білдіреді. Екі көзқарас ара­сындағы айырмашылықты мынадай ма­қал­мен салыстырып түсіндіруге болады. «Құдық түбіндегі бақаға аспан табақ­тай болып көрінеді» дегендей, таптық кө­зқ­арас халықтың, ұлттың тарихын то­лық қамтып қарастыруға мүмкіндік бермейді.

Тәуелсіздігіміздің алғашқы жылдары қоғамтану саласындағы негізгі тео­риялық – методологиялық мәселе осы­лайша оң шешілгендіктен, тарихшы­ларымыз да жаңа ұстаным мен көзқарастарға сүйеніп, тарихымызды жаңаша зерттеуге белсене кірісті.

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың жазғанындай, тәуелсіздігіміздің алғашқы он жылдығы еліміздің іргетасын қалау кезеңі болса, ұлт тарихын зерттеуде бұл он жылдықты шартты түрде ең алды­мен, қоғамтану ғылымдарында ескі мето­дологияның жойылып, жаңа, өркениеттік методологияның толық орнығуымен, жеңіске жетуімен ерекшеленеді.

Тәуелсіздігіміздің алғашқы он жылды­ғында жаңа методологияны ту етіп ұс­таған тарихшылар Отан тарихының ең өзекті мәселелерін зерттеуді қолға алып, бірнеше жүз ғылыми мақала жазды, дис­сертациялар қорғады, монография­лар жариялады. Осы жылдары ең көп қарастырылған мәселелерге – XX ғасыр басындағы еліміздегі қоғамдық-саяси қозғалыстар мен 1920-1930 жылдардағы Қазақстан тарихының саяси, әлеуметтік, экономикалық мәселелері жатады. Сон­дай-ақ, 1937-1939 жылдары жаппай сая­си репрессия мен оның құрбандары, 30-жылдардың басындағы елдегі аш­тық пен өлім, ұжымдастыруға қарсы көтерілістер мен бас көтерулер, Голо­ще­киннің «кіші Октябрь» саясаты, Алаш қозғалысы, Алаш автономиясы, Алаш қайраткерлерінің өмірі мен қыз­мет­теріне және тағы басқа осы кезеңнің мәсе­лелеріне арналған тақырыптар қамтылды.

Тәуелсіздіктің алғашқы кезеңіндегі отан­дық зерттеушілердің Отан тари­хы­ның өзекті мәселелеріне қатысты зерт­теу­лері барысында алынған ғылыми нәти­желері мен олардың ұлттық сананы нығайтуға, байытуға тигізген әсерлері мен ықпалдарын теңеу түрінде айтсақ, жылдар бойы шөліркеген шөл далаға нөсер жаңбырдың айлап жаууымен бірдей болды.

Ел тәуелсіздігінің алғашқы жылдары саяси, экономикалық, әлеуметтік мәселелер өте күрделі, шиеленісті болса да, мемлекет тарихтың рөлі мен маңызын түсіне келе, 1993 жылы алғаш рет ел Үкіметі тарихи мәселеге қатысты арнайы «Орбұлақ шайқасының 350 жылдығын атап өту туралы» қаулы қабылдады. Бұл қаулы 1643-1644 жылғы қыс айларында саны аз қазақ әскерінің өзінен бір­неше есе көп жоңғарды жеңіліске ұшы­­рат­қанын мерекелеумен қатар, та­рих­шы­ларымызға қазақ халқының XVII-XVIII ғасырлардағы тарихы мен тари­хи тұлғаларын кең түрде зерттеуге серпін берді. Осы кезде қаншама баты­ры­мыз, биіміз және тағы басқа тарихи тұл­ғаларымыз халқымен қайта қауышты.

Ал, 1998 жылды Елбасы Н.Назарбаев «Қазақстан халқының бірлігі мен ұлттық тарих жылы» деп жариялауы тағы да мемлекеттік биліктің жоғары деңгейінің ұлт тарихына ерекше көзқарасын көр­сетті. Сондай-ақ «Ұлттық тарих жылында» тәуелсіздік жылдарындағы ұлт­тық тарихты зерттеуде қол жеткізген нәти­же­лерді қорытындылау және болашақта Отан тарихының мәселелері мен даму бағыттарын айқындау деуге болады.

Тәуелсіздігіміздің екінші он жылды­ғында, яғни, «Қазақ елінің керегесін кеңейту» кезеңінде ұлттық тарихтың дамуы «Мәдени мұра» бағдарламасымен тікелей байланысты болды. «Мәдени мұра» жобасы – Тұңғыш Президент Н.Назарбаевтың бастамасымен қолға алынған мемлекеттік бағдарлама, ұзақ мер­зімге арналған ұлттық жоба болып табылады. Оның мақсаты – қазақ халқы­ның тарихи-мәдени мұрасын зерт­т­еу, қалпына келтіру (реставрациялау) және сақтау, шетелдердегі тарихи-мәдени жәдігерлерді қайтару және шетелдерде Қазақстан тарихы мен мәдениетін насихаттау болды. «Мәдени мұра» бағдарламасы төрт бағыттан тұрды: 1) тарихи-мәдени және сәулет ес­керт­кіштерін қалпына келтіру; 2) архео­ло­гиялық зерттеулер жүргізу; 3) қазақ хал­қының мәдени мұрасы сала­сын­дағы ғы­лы­ми жұмыстарды одан әрі жал­ғас­тыру; 4) ұлттық әдебиет пен жазулар тә­жі­­ри­бесін ортақтастыру, кеңейтілген бей­не және жұмыс қатарларын құру болды.

«Мәдени мұра» бағдарламасын жүзеге асыруға еліміздің жетекші тарихшы мамандарының барлығы белсене атсалысты десек артық айтқандық емес. 2011 жылға дейін созылған және өз ішінде бірнеше кезеңнен тұрған «Мәдени мұра» бағдарламасының нәтижесінде тарихшыларымыз керемет ғылыми-ізденушілік жұмыстарды жүзеге асырды. Сондай-ақ, осы жылдары ұлттық тарихымыз бен мәдениетімізге қатысты 78 ескерткішке реставрациялық жұмыстар жүргізілген. Қытай, Түркия, Моңғолия, Ресей, Жапония, Мысыр, Өзбекстан, Армения, сонымен қатар АҚШ пен Батыс Еуропаға ғылыми-зерт­теу экспедициялары жасалып, нәти­же­сін­де 5 мыңнан астам ұлттық тарих­қа қа­жет аса құнды, Қазақстан өнеріне қа­тыс­ты архивтік құжаттар, қол­жазбалар мен бас­па шығарылымдары алынды. Соны­мен бірге 26 ғылыми-қолданбалы, 40 ар­хео­логиялық қазба жұмыстары жүргізілді.

Ал енді тәуелсіздігіміздің үшінші он жылдығы – «шаңырағымыз биіктеп, өсіп-өркендеп, мерейлі мемлекетке ай­налған» кезең болса, Ұлттық тарих ғылымы да осы кезеңде еліміздегі қоғам­дық ой-сана мен пікірді анықтайтын қуат­ты ұлы күшке айналды. «Халық – тарих тол­қынында», «Мәңгілік Ел» идеясы, «Рухани жаңғыру» атты мемлекеттік бағ­дарламалар біріншіден, тарихшыларымызды мемлекеттік идеология мен рухани бағыттағы саясатты жүзеге асыруға жұмылдырып, олардың ғылыми ізденістеріне тың серпін берсе, екінші жағынан тарихшыларымыздың ұлт тарихын зерттеудегі ғылыми жұмыстарына қол­дау көрсетуге бағытталды. Осы ара­лықтағы «Ұлы даланың жеті қыры» атты Елбасымыздың бағдарламалық мақа­ласы отандық тарихтың ежелгі және орта ғасырлардағы мәселелері бо­йын­ша тарихшыларымызға қандай ба­ғыт­тарда зерттеулер жүргізу және қан­дай мәселелерге ерекше назар аудару қажеттігін көрсетіп берді.

Кезінде Елбасы Н.Назарбаев 1999 жылы жарық көрген «Тарих толқынында» атты тарихи-философиялық еңбегінде «Егер біз мемлекет болғымыз келсе, өзіміздің мемлекеттігімізді ұзақ уақыт­қа меңзеп құрғымыз келсе, онда халық руханиятының бастауларын түсін­гені­міз жөн», деп жазған болатын (Н.Назар­баев. Тарих толқынында. 273 б. – Алма­ты: Атамұра, 1999. – 296 бет.). Бұл еңбек­те Ұлы даладағы руханият бастаулары мен халқымыздың этногенезінің, жері­міздегі мемлекеттілік тарихының қазір­гі жыл санаудан бірнеше мың жыл бұ­рын басталғандығы айтылып, бүгінге де­йін­гі тарихымыздың мәселелері жал­­пы­фи­ло­софиялық тұрғыда қарас­ты­­ры­лады. Бұл еңбектегі сегіз тарау­дың әрқайсысындағы айтылған ойлар мен жасалған тұжырымдар тарихшы­ла­ры­мыздың болашақ ізденістері үшін мето­дологиялық негіз бола алады.

«Шаңырағымыз биіктеп, өсіп-өркен­деп, мерейлі мемлекетке айналған» үшін­ші он жылдықта мемлекетіміздің ұлт тарихына ерекше назар аударғаны сондай, тарихымыздағы көп мәселенің бірі – Қазақ хандығының құрылған датасын, яғни, 550 жылдығын атап өтуге ерекше көңіл аударды. Арнайы Үкімет қаулысы шығып, комиссия құрылды, жасалған жұмыс жоспарына сай елімізде 2015 жылы мемлекеттік мереке болды. Осы ме­рекенің ғылыми жағын атап өтуде тарих­шыларымыздың сіңірген еңбегі ұшан-теңіз. Біз де осы мерекені атап өтуге бел­­сене атсалысқанымызды қуанышпен еске аламыз.

Қазақ хан­­ды­­ғының тарихына арнал­ған он шақты ең­бек жарық көрді. Елі­міздің бас және ірі қалаларында, бар­лық облыс орта­­лығында осы мерекеге арналған ғылы­­ми шаралардың бәрін­де баяндамалар жа­салды. Жалпы ал­ғанда, елімізде 2015 жылы Қазақ хан­дығының 550 жыл­­ды­­ғын мерекелеу ұлт­тық сананың ны­ға­йып, ұлт бірлігінің өсе түскендігін көрсетті.

Бәріміздің есімізде, өткен 2020 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Қазақстанда «Әлемнің екінші ұстазы» атанған Әл-Фарабидің 1150 жылдығы, Алтын Орданың – 750 жылдығы және Абайдың 175 жылдығы кең көлемде атап өтілді. Тарихшылар, оның ішінде та­рих­шы мамандар Алтын Орданың 750 жылдығын атап өтуге құлшына кіріс­ті. Әлемде қалыптасқан қиын жағ­дай­лар, яғни, пандемия тарих­шы­ларымыздың ізденістеріне тежеу қоя алмады. Елімізде қаншама мақала газет-журнал беттерінде жария­ланды, онлайн форматта ғылыми жиындар өткізілді, теле-радиохабарлар түсірілді. Ұлттық сананың ныға­юы мен тарихымызға деген ұлттық мақ­та­ныштың өте жоғары деңгейде болған­дығын Алтын Орданың 750 жылдығын атап өту барысында көзімізді толық жеткіздік.

Кезінде бір ғұламаның «Ұлттық сананы оятып, дамытуда тарихтың атқарар рөлін ешбір қоғамдық ғылым атқара алмайды» деген сөзінің растығына та­рих­шыларымыздың ел Тәуелсіздігінің 30 жылында атқарған істеріне қарап көз жеткізгендей боласыз. Болашақта да тарихшыларымыз өз ізденістерін жал­ғастыра береді. Алдымызда Ақ Орда хан­дығының, Жошы Ұлысының, Түрік қағанатының тарихи даталары тұр. Оларды да атап өту үшін алдымен үлкен ғылыми-зерттеулер қажет.

Осылайша жоғарыда айтылған ойларымызды түйіндей келе, төмендегідей тұжырымдар жасаймыз.
Біріншіден, тоталитарлық жүйенің соңғы жылдарында қоғамдағы үстем идео­логияның тоқырауға ұшырап, құл­ды­­рай бастауы тәуелсіздікке жақын­дат­са, гуманитарлық ғылымдар үшін жаңа методологияларды іздеуге мәжбүр етті. Кеңес Одағының күйреуі Тәуел­сіз Қазақстан Республикасын дүниеге кел­­тірді, сондай-ақ, маркстік-лениндік мето­­дологияның шынайы түрде тарихи зерт­­теулерге жарамсыз болуы қалып­тас­қан жаңа жағдайларға сай, оның сұра­ныстары мен талаптарына жауап бере алатын жаңа методологияны – өркениет­тік методологияны қолданысқа енгізді.

Екіншіден, Тәуелсіздігіміздің 30 жыл­­­дық тарихы мен ұлттық тарихы­мыз­дың осы тәуелсіздік жылдарындағы дамуы өзара байланыста қатар жүрді деу­ге бола­ды. Биліктің қайнар көзі ха­лық болса, халық санасының өсуі, ны­ғаюы тарих­пен, ұлт тарихымен бай­ланысты. Тәуел­сіз­дігі­міздің әр он жыл­дығында мемлекеті­міз­дің іргесі қала­нып, керегесі кеңейіп, шаңы­рағы биік­теп жатса, осының бәріне ұлт та­ри­хының қосқан үлесі өлшеусіз дер едім.

Үшіншіден, Мемлекет пен тарихты бір-біріне өте қажетті ұғымдар дей келе, біріншісінің қалыптасуы, нығаюы үшін екіншісі аса қажет. Ал, екінші ұғымның дамуы біріншінің тікелей қолдауынсыз жүзеге аспайтынына көзіміз жетіп отыр. Тек өзара үйлесімділік қана барлық жеңістің кілті болып саналады.

Берекет КӘРІБАЕВ,
 Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі,
тарих ғылымдарының докторы, ҰҒА академигі

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар