«Табысты отбасы» жобасы қолға алынды 

Степногорск қаласында Ақмола облысы бойынша «Табысты отбасы» әлеуметтік жобасының бірінші кезеңінің 16 қатысушысы оқуды аяқтағаны туралы сертификат алды.

Қаржылық сауаттылық пен сұранысқа ие кәсіптерге оқытып үйрететін аталмыш жоба аясында алдағы үш айда тәлімгерлербизнесті дамыту бойынша жан-жақты қолдау көрсетеді.«Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының бірыңғай қайырымдылық операторы – «Samruk-Kazyna Trust» қолдауымен жүзеге асырылатын жобаның «SMM», «Сұлулық индустриясы», «Жартылай фабрикаттар» бағыттары бойынша курстар аяқталды. Ақпараттық сүйемелдеуден бөлек, түлектерге шағын бизнесі үшін қажетті жабдықты сатып алуға 150 айлық есептік көрсеткіш  көлемінде грант ұсынылады.

−Өткен жылы Қор тарапынан қолдау тапқан пилоттық жоба белгілі бір деңгейде өз нәтижесін беріп, биыл Ақмола өңірі ауқымында тиісті бастамаға демеушілік жасауға шешім қабылдадық. Әр отбасының қаржылық тұрақтылығы мен сауаттылығы, құзыреті бүкіл елдің оң ахуалына септігін тигізетіні анық. Сәйкесінше халық арасында жұмыссыздық азайып, әркім өз кәсібін үйде отырып-ақ дөңгелетіп әкетсе дейміз. Баршаңызға бірлесе кіріскен қадамда табыс тілеймін,− деді «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының бас директоры Альфия Адиева.

Сондай-ақ, жоба түлектерін Степногорск қаласының әкімнің орынбасары Гүлназ Абилова құттықтап, жылы лебізін білдірді

−Бүгінгі сертификаттарды тапсыру рәсімінің оқуды аяқтап, өз ісін ашуға мүмкіндік алған отбасылар үшін ғана емес, қаламыздың экономикалық дамуы үшін де әлеуметтік маңызы зор. Біз Степногорск қаласының тұрғындары тәжірибелі тәлімгерлер мен жаттықтырушылардан жан-жақты дайындықтан өтіп, өз ісін ашуға, сол арқылы отбасылық кірістерін арттыруға нақты қолдау алғанына қуаныштымыз.«Табысты отбасы» жобасының әрбір қатысушысына оның ісінің алға басуын, амандығы мен денсаулығын тілейміз, − деп атап өтті өз сөзінде әкім орынбасары.

Ақмола облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасыбасшысының орынбасары Ерлан Мұхамедин осы жобаныңоблыс және әрбір қатысушы үшін өте маңызды екендігін тілге тиек етті. Оның айтуынша, «Табысты отбасы» жобасының 16 түлегі тәлімгерлер мен жаттықтырушылардан білім мен дағдылар түрінде үлкен қолдау алды. Сонымен қатар, жоба түлектері оның тиімділігін қаржылық жетістіктерімен дәлелдейтініне сенім білдірді.

«Samruk-Kazyna Trust» қоры қаржыландыратын пилоттық жоба ел арасында өз жұмысын былтыр бастады.Жоба аясында тәжірибелік және шеберлік сабақтары, сондай-ақ, «Цифрлық дағдылар», «Азық-түлік өндірісі», «Сұлулық индустриясы» және «Ер азаматтарға арналған кәсіптер» сынды төрт бағыттың бірі бойынша мамандандырылған оқыту қарастырылған. Ақмола облысы бойынша барлығы 50 тұрғынды оқыту жоспарлануда. Қажетті тізім әкімдік арқылы қалыптастырылады. Жоба халықтың ең осал топтарының өкілдерін, оның ішінде көп балалы және аз қамтылған отбасы мүшелерін, сондай-ақ, жалғыз басты және ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар мен аз қамтылған отбасылардан шыққан жастарды кешенді оқытуға арналған.

Жобаның пилоттық нұсқасы 2022 жылдың 1 желтоқсанында іске қосылып, Ұлытау, Абай, Жетісу, сондай-ақ, Түркістан және Ақтөбе облыстарында сәтті жүзеге асырылды. Жобада барлығы 300 қазақстандық оқытылып, олар шағын бизнестерін дамыту үшін құрал-жабдықтар алды. Игерген білімдері мен дағдыларының арқасында қатысушылар кондитерлік және тігін цехтарын, сұлулық салондарын ашу арқылы кәсібін кеңейтті.

Ілияс ӘУБӘКІРОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар