Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Бейжіңде алдағы нөсерлерге байланысты қауіптің сары деңгейі жарияланды - АРҚА АЖАРЫ

Бейжіңде алдағы нөсерлерге байланысты қауіптің сары деңгейі жарияланды

Бейжің билігі келе жатқан ұзаққа созылатын нөсерлерге байланысты қауіптің сары деңгейін жариялады. Метеорологтардың болжауынша, нөсер қытайлық астанаға жексенбі күні кешке жаумақ. Бұл туралы Бейжің қаласының метеорологиялық қызметінің мәлімдемесінде айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі.

Болжамға сәйкес, Бейжіңде нөсер жексенбі кешке басталып, келесі сейсенбіге дейін жалғаспақ. Метеорологтардың бағалауынша, алдағы екі күн ішінде қытайлық мегаполисте 60-100 мм жауын-шашын жауады, алайда жекелеген аудандарда бұл көрсеткіш 300 мм-ге дейін жетуі мүмкін. Жексенбі күні Бейжіңде және оның айналасында көптеген туристік нысандар жабылды.

Олардың ішінде Ұлы Қытай қорғанының бірқатар учаскелері бар. Бейжіңнің 16 ауданының 15-інде жылжып келе жатқан нөсерлерге байланысты қауіптің сары деңгейі енгізілді, синоптиктердің болжауы бойынша, нөсермен қоса, бұл күндері 7-ден 9 балға дейін екпінді жел соғады. Жексенбі күні ҚХР-дың метеорологиялық басқармасы келе жатқан нөсерлер мен дауылдарға байланысты Солтүстік Қытайдың басқа да бірқатар өңірлерінде төтенше әсер етудің төртінші деңгейін жариялады.

ҚХР-да табиғи апаттарды ескертудің төрт деңгейлі жүйесі енгізілген. Жүйе бойынша қауіптің өсуі көк, сары, қызғылт сары және қызыл деген реттілікпен беріліп отырады.

Дереккөз: www.inform.kz/

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар