Елде заңсыз жүрген 107 шетелдік ұсталды

Көліктегі полиция қыметкерлері «Нелегал-2021» жедел-алдын алу іс-шарасының аясында Қазақстан аумағында болу ережелерін бұзғаны үшін 107 шетелдікті әкімшілік жауапкершілікке тартқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Көліктегі полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Қалижан Қобландиннің айтуынша, заң бұзғандардың 102-сі – ТМД-ның, бесеуі – алыс елдердің азаматтары. «Шара кезінде Қызылорда стансасындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері «Ақтөбе-Алматы» жолаушылар пойызынан Өзбекстан Республикасының 31 жастағы азаматын ұстаді.

Оның үстінен Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекстің 517-бабының 4-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырды. Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының шешімімен құқық бұзушыға 25 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Сондай-ақ, сот қаулысымен Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге 27 шетелдік шығарылды», – дейді Көліктегі полиция қызметінің өкілі.

Бұдан бөлек құзырлы органға шетелдіктердің ел аумағына өткені туралы 3 күн ішінде хабарламағаны үшін 22 қазақстандық әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Қалижан Қобландин 5-12 шілде аралығында өткен шара кезінде көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін ұсталған ТМД елдерінің 3 азаматы өз елінің қабылдау-тарату орнына қамалғанын айтады.

Дереккөз: www.inform.kz

 762 total views,  2 Views Today

By admin

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Өзге де жаңалықтар